Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлт рухының, ұлы жолы

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композиция

Сахна сыртында оқиды. Серік Арапов «Әсем әуені» Мектеп оқушыларымен ұстаздарынан құралған Үшқұлын сазды фольклорлық оркестрі
Сахна ашылады.
Ашылуы: ОРКЕСТР
Сахна жабылады

Екі жақтан екі жүргізуші шығады.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не өзгенің өлшемінің,
Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!

2 - жүргізуші: (Сымбат)
25 - жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне, артта қалды келмес күн.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік ұраным!
Тәуелсіздік айбынды менің жыр әнім.
Армандаған ата - бабам ежелден,
Ерлігіңді жырға қоссын ұланың!

1 - жүргізуші: (Батырхан)
Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,
Асау аттай өз тізгінің бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Тәуелсіздік бізге оңай тимеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып аналарым бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
Иә, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
Бүкіл қазақ батырларының басын біріктіріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерін дұшпанның тырнағынан қорғап, ұрпақтарына тастап кеткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, тарихын келешек ұрпақтарымызға жеткізу біздің міндетіміз. Талай - талай жол бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар, сөз бастаған даналар есімі қазақ халқының тарихында қалды, үш жүздің басын қосқан ұлы тұлға Абылай хан, дана билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтеке, батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Баян, Олжабай, Малайсары батырлар

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Құрметті Майқайыңдықтар, қонақтар! Ата – бабамыз армандаған, дүниені дүр сілкіндіріп Тәуелсіздік туын көтерген Қазақ Елінің мерейлі 25 жылдығы құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, Мәңгілік Қазақ Елі жасай берсін! Осы мерейлі мерекемізге арналған «Ұлт рухының, ұлы жолы» атты әдеби – музыкалық композициямызға қош келдіңіздер. Бағдарламамыз екі бөлімнен тұрады. 1 - бөлім қазақ халқының тарихына арналған «Ұлы Дала тарихы», 2 - бөлім «Тәуелсіздік белестері» 25 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктеріне арналған.

Квартеттің орындауында: Ән «Атамекен» ( Ән айтылып жатқанда Слайд: 1 бөлім «Ұлы Дала тарихы»)

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Рухсыз ұлт – ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген. 80 жылдардың екінші жартысында біздің халқымыздың рухы өсті, мұхиттай буырқанып, бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өкпек желі үздіксіз соғып тұрды.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
Қазақстан ол кезде әлі де болса Қызыл империяның құрсауында болатын, бірақ, әне – міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді. Осы құлдық шынжырды мезгілінен бұрын үзген, алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың 16 – 18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуі тиіс.

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
(Түрменің адамдары ішінде Қайрат бар) көрініс
Талғат Қайраттың өлеңін оқиды
Қайратты алып бара жатқанда «Желтоқсан желі» әні ойналып тұрады 2 минут

1 - жүргізуші: (Батырхан) сахнаның сыртында
1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының тарихына алтын әріппен жазылған күн. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы жарияланды.

(Слайд 2 бөлім «Тәуелсіздік белестері»)

«Шашу» биі
Шашу шашылады.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
Бабалардың ғасыр бойы арманы
Өткені мен келешегін жалғады
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың
Егемендік, тәуелсіздік алғалы.

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

1 - жүргізуші: (Батырхан)
1991 жылдың 2 - қазанында қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

2 - жүргізуші: (Сымбат)
1991 жылдың 1 - желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының алғашқы Президенті болып Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
1991 жылдың 10 - желтоқсанында Н. Ә. Назарбаев мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. 2012 жылы елімізде алғаш рет аталып өткен мемлекеттік мереке «1желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» бұл әрине, ұлтымыздың Елбасына деген құрметі, сенімі.

2 - жүргізуші: (Сымбат)
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Ән: «Нұр аға» Елбасы туралы слайд көрсетіліп тұрады

2 - жүргізуші: (Сымбат)
1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілді.
Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің,
Сенсің асыл қазынам нағыз керім.
Төбемде Ту, төсімде Елтаңбам бар,
Гимнімдей аузымнан ән үзбедім.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.

1 - жүргізуші: (Батырхан)
1992 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің
тәрбие ісі меңгерушісі Бораншы С.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан! (әдеби сазды монтажы)
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан! (әдеби сазды монтажы)
Тәуелсіздік – ата - бабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×