Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз мәйегі - мақал-мәтел

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сөз мәйегі - мақал - мәтел
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер - топ аттары жазылған плакаттар,
«Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Power Point программасында безендірілген презентация

Мұғалім: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. (С. Торайғыров)

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар

Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» болып Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ал іске сәт

Мұғалім: Әділ қазылар алқасын сайлайық:
Тәрбие ісінің меңгерушісі ---------
--------------

1. «Қайырлы таң» бекеті екі топтың сәлемдесуі. Танысу.
Әділқазы алқасы дұрыс жауапқа 10 ұпай.

2. «Үміт» бекеті. Мақал - мәтелдерді жалғастыр:
Отан.................... да ыстық Жауабы: оттан
Туған жерге...................... тік. Жауабы: ту
Туған жердің.. де ыстық,... де ыстық Жауабы: күн, түн
............ көтермегенді, тіл көтереді. Жауабы: піл
........ ойлағаңды, тіл бітіреді. Жауабы: ми
.............. көңілдің айнасы Жауабы: көз
Тіл................ да өткір жауабы: қылыш
Тіл көңілдің.................... жауабы: кілті
....... шалысынан, сөз шалысы жаман жауабы: от
........ қан тамған батырды,......... бал тамған ақын алады.
Жауабы: қылышынан, тілінен
Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

3. «Қайрат» бекеті.
Аудармашылар сайысы.
Шарты: Берілген мақал - мәтелдерді орыс тіліне аудару
1. Тазалық - денсаулық кепілі. (Чистота – залог здоровья.)
2. Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
3. Не ексең, соны орасың. (Что посеешь, то и пожнешь.)
4. Отан - оттан да ыстық. (Родина – жарче огня.)
5. Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы. (Учение - родник знаний, знание - лучик жизни)
6. Отансыз адам ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса.)
Дұрыс жауапқа 30 ұпайдан беріледі.

4. «Ғалым» бекеті.
1. Көп тіл білетін адам? (Полиглот)
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
3. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия)
4. Әнұранның авторлары? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар? (Құтты білік - 1069ж Жүсіп Баласағұн жазған)
6. Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
7. Латын алфавиті Қазақстанда қашан қолданыла бастады? ( 1928 - 1929жж)
8. Қазақ тілі тарихында алфавит неше рет ауысты? (3 рет, араб, латын, орыс)
9. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды? (1991ж)
10. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)

1. Киіз үй неден тұрады? (уық, кереге, шаңырақ)
2. Тіл туралы заң нешінші жылы қабылданды? (1989ж 22 қыркүйек)
3. Махамбеттің бір өлеңін ата? (Қызғыш құс)
4. ҚР Ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1995 ж 15 қараша)
5. Елтаңбаның авторы? (Ж. Мәлібеков. Ш. Уәлиханов)
6. Қазақ тілін зерттеушілер? (Радлов, Айдаров, Сауранбаев, Бартольд)
7. “Ескендір” поэмасының авторы? ( Абай)
8. Қай жылы Астана қаласына бейбітшілік қаласы атауы берілді? (1999 ж)
9. Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған? (4 бап)
10. Қазақ халқының тұңғыш суретшісі? (Ә. Қастеев)

5. «Арман» бекеті Дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару (әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)

6. «Сурет» бекеті.
Берілген мақал - мәтел бойынша сурет салу. Мазмұнын ашу.
«Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты»
«Білім - теңіз, мектеп - кеме»

7. « Шешен» бекеті.
«Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С. Негимов пікірі. Сондықтан...
Иә, бүгінгі шарамыздың уақыты да таяп қалған сияқты. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына ұсынамыз. (топтарды мадақтау.)

Қорытынды: Тіл - қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін. (Ә. Тәжібаев)

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат. (М. Әлімбаев)
3 241
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×