Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тағдыры тарих - тал бесік

19 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тағдыры тарих - тал бесік
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу.
Тәрбиелік: Халқымыздың салт – дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.
Көрнекілігі: Плакаттар, қуыршақ, бала жататын бесік және оның жабдықтары, қап, жеті түрлі киім, магнитофон, проекттер.
Барысы:
Жүргізуші: Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты маржан сөздер бар. Олар тегін айтылмаған.
Бесік – ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы. Көшіп – қонған халқымыздың ғасырлар бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы орасан зор.
Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал, тағы басқа оңай иілетін әрі жеңіл ағаштан жасалады. Бесіктің құрамы 15 бөліктен тұрады.

Бөліктері интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Олар: Бір бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады. Халық дұрыс бөленіп, бесік көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болады дейді. Сондықтан баланы бесікке бөлеудің мәні өте үлкен.

Күй: «Отырар соңы»

1 – оқушы: Той дегенде демей ме?
Домалайды қу бастар.
Айтшы бірақ жаным - ау
Ұлан асыр бұл не той?

2 – оқушы: Қарап алшы інім,
Айналаңа бүгін.
Ұмытылмас мәңгі,
Осы туған үйің.

3 – оқушы: Бақыт құсы қонған,
Құтты тойлар болған.
Атаң атан сойған,
Осы алтын ордаң.

4 – оқушы: Кіндік қаны тамған,
Анаң жөргек жайған.
Осы ыстық ұяң
Оты шалқып жанған.

Көрініс
Ақсақалды қария келеді. Ойнап жүрген балалар жамырай жүгіреді.
Балалар: Ассалаумағалейкум, ата!
Атай: Уағалейкум, ассалам! Тойларың тойға ұлассын! Тойларың құтты болсын!
Балалар: Айтқаныңыз келсін.
Атай: Баланы әкеліңіздер, ат қойып берейін.
Абай, Жамбыл, Сәкендей,
Ақын болар ма екенсің?
Қажымұқан атаңдай,
Батыр болар ма екенсің?
Құрманғазы, Динадай
Күйші болар ма екенсің?
Мың бұралып Шарадай
Биші болар ма екенсің?
Тағы саған не дейін?
Үмітіме сенейін.
Елің сүйер ел болшы,
Үстем болсын мерейің.
Сенің атың Ертуған
«Сенің атың Ертуған» - деп құлағына үш рет айқайлайды.
Сенің атың Ертуған,
Барша жұртқа мәлім.
Бердің бақыт атын,
Сен де адамсың енді.
Ән: « Ата дәстүрлері»
Жүргізуші: Әдетте жаңа туған нәрестенің кіндігі бір аптаның ішінде түседі. Баланың кіндігі түскен күннен бастап бесікке бөлейді. Нәрестені бесікке бөлейтін күні көрші – қолаң, ағайын – тума, абысын – ажындар жиналып, мал сойып, «Бесік шашу» беріледі.
1 – оқушы: Бесікті ортаға іліп қойып, бесік аластатылады. Адыраспан, хош иісті өсімдіктер немесе көсеуді шоққа салып қыздырып алып бесіктің үш жерінен түтін шығарып қариды.
Алас, алас, иесі келді пәле қаш,
Алас, алас, бәледен алас.
Көзіме жаманның көзіне алас,
Тілі жаманның тілегінен алас, - деп аластайды.
2 – оқушы: Бесікке нәрестені бөлеу үшін, керекті жабдықтарын көрсете отырып ауылдың үлкен әжесі бесікке салады. Жөргек, жастық, қол бау, аяқ бау, түбек, шүмек.
Баланы бесікке салмас бұрын түбектен тыштырма өткізеді, яғни тәтті – дәмділерді таратады. 3 - 4 тыштырма алған соң қалғаны шашу етіп шашылады. Бөлеп болған соң, 7 түрлі киім жабылады, оның бірі қап. Бұл ұйқысы қалың болсын деген қонақтың ырымы.
3 – оқушы: Баланы бесікке салу. Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелінеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке салады, яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп.
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
4 – оқушы: Қойға ерте сайлап,
Басына үкі байлап.
Жат алаңсыз аунап,
Ақ бесікке әйбат.
5 – оқушы: Ақ бесікке сенің,
Алғаш тиді белің.
Кетпестей болып кейін,
Ұйықтады бесік
Жел қайықша тербеп.
6 – оқушы: Жігіт болып өс жылдам,
Өмірге жассың сен керек.
Бесігің балғын толған нұр,
Ұйықта бөбек жас қазақ.
7 – оқушы: Перзентім деп алаңдап,
Отан ұлы анаң бар.
Орман, тауың, көлің бар,
Ұлан байтақ далаң бар.
Хормен: Ана сүтін ақтаймыз,
Ата салтын сақтаймыз!
Ән: «Анашым»
Жүргізуші: Бесік – қазақ ұжымында киелі орын. Тұңғыш баласы жатқан бесікке немере, шөбересін бөлеген әжелер өздерін өте бақытты санаған. Ендеше атадан мирас болып келе жатқан әрбір қазақтың жылы ұясы бесікті сақтай білейік.

БҚО, Орал қаласы
"Мектептен тыс жұмыс орталығы",
"Атамұра"этнографиялық үйірмесінің жетекшісі
Утибаева Дамила Айдыновна
3 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бесік жыры
Бесік жыры
ШҚО, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы, «Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Мукатаева Айнаш Ораловна
Бесік жыры
Бесік жыры
Жақсыбайкөл негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Райса
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік
Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, «№13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мекемесі технология пәні мұғалімі Джумаканов Ермек Қасенханұлы
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесіктің жасалу құрылысы туралы, оны қолдану әдістерін білуге үйрету. Бесік жыры туралы мәлімет беріп, мағынасын түсіну.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×