Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлеге Айбергенов жыр - көшімен сырласу

15 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Айбергенов жыр - көшімен сырласу.
Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: поэзия кеші өтетін залда Төлеген Айбергеновтің портреті қойылады, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы қанатты сөздер, музыкалық орталық, түрлі - түсті шаралармен, гүлдермен
безендіріледі.

І Жүргізуші:
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... Бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын!

Қыз қуатын жігітке ат беремін!
Жаным деген жүрекке от беремін.
Мен, әйтеуір, бар жиған - тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін?!
Ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Құйма жырдың киесіндей ақын немесе Айбергенов жыр - көшімен сырласу» атты кітапханалық поэзия кешіне қош келдіңіздер!

II жүргізуші: Оның сол бір қиын - қыстау заманда бар жиған - тергенін ортаға салып, тамаша бір той ғып өткеретінін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқ - ты. Тіпті сол тойының қашан, қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта алмады.
Солай десек те, ақынның өзі осынау өмірде болсын - болмасын, сол бір тамаша тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген сыңайлы.

I жүргізуші: Сол күннен бері, әне - міне дегенше, аңдатпай жүріп, арада елу жылдың қалай зымырап өте шыққанын бүгін көріп отырмыз. Ал әлгі өтілуге тиісті өз тойын осыдан 50 жыл бұрын армандаған тұлпар мінезді арғымақ ақын Айбергеновтың 80 жылдығына арналған поэзия кешін ашуға рұқсат етіңіздер!

II жүргізуші: Өлең жазсам, тал бойым,
Қорғасын боп балқиды.
Шертіп бір сырлы сан күйді,
Домбыра көңілім шалқиды.

Жақсы өлең туса құттықтап,
Жатады шулап ну орман
Орындалғандай ну арман
Қалам бір шығып құмардан.
Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді. Арамызда Айбергенов жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.

I жүргізуші: Төлеген жырлары – қуаныш жырлары. Бірақ, бұл гүлге елтіген көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған адамзат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Бір жағынан Жібек баулы қырандай күй кештіріп, барша әлемді бауырына сыйыстырғанша сиыстырып кеткен жас тұлғамыздың бірі еді, тіпті бірегейі десек те жарасады. Соған бұл ақынның әр - бір жыры толық жауап беретіні хақ.

«Арал жырлары» - Сағынаев Сапар

II жүргізуші: Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап, кейінгі кер заманда бір сыпырасы әрі кетіп, бір сыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан жасаған аштық топалаңынан әркім басы ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата - аналарының көземелімен қайта тоғысып, енді - енді ес жия бастаған сыңайлы. Соның кепілдігі болар жан - жаққа шашырап кеткен жанардың сәулесі санасы, ізгілікті істерінің өз ата-мекеніне ойыса бастағаны.

I жүргізуші: Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата - бабаларының ата-мекенін аңсап, сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақынымыздың жөні бір бөлек еді. Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің Солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен, Оңтүстігінде дүниеге келген сағынышты қай елдімекені болмасын көгертіп - көктетіп, әлсін - әлі жыр арқауына өзгеше өрнек төктіртіп отырғандығы барша қазаққа аян.

Диафильм

II жүргізуші: Ол өзінің ата - бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекені» және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жаралғысымен ала келгендей. Енді біз сол жырларға құлақ түрейік:
1. «Адамдар» - Кальбина Гүлнара
2. «Ақындық» - Райс Таңшолпан

I жүргізуші: Төлеген – жыр әлемінде өзіндік үнімен еніп соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Оның өлеңдерін ынтыға тыңдамаған иессі қазақта ешкім жоқ. Айбергеновтің «Қош сәулешім», «Есіңе ал», «Сайрашы, сандуғашым», «Марфуға», «Өтті ғой, сәулем, ай талай», «Атамекен», «Ақ ерке, Ақ жайық»т. б. ән тексттері тыңдаушысын қай жағынан да баурап алатын асыл дүниелер!

Ән: « Атамекен» Арманқызы Аружан

II жүргізуші: Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы - сағыныш. Ол оқушысымен әр кездескен сайын сөзін сағыныштан бастайды.
Ей, адамдар, айналайын, туғандар.
Жалғыз минут тыңдаңыздар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім.
Қазір түгел көкірегім өрт менің!
Шар тарапқа жүргеніммен жүз аттап,
Бұрын мұндай көрмеп едім ұзақтап.
Бір сағыныш мәңгі – бақи дос еткен,
Қазір мені жұлып алды төсектен...

I жүргізуші: Оның қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі. Туған жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш... Шындап келгенде бұл, сағыныштың бәрі де ақын көкірегін өртеп бара жатқан алай - дүлей махаббат. «Сағыныш» деген бір тақырыппен төрт өлеңдік топтама арнаған екен, соның бір өлеңін тыңдап көрелік.

Сағыныш: Мұхтар Шахановқа.
Оқитын: Дәулетияр Бекзат,
«Апаларым» - Жолмағамбетов Әлинұр
« Ана» -

II жүргізуші: Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан мөлдіретіп құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің. Тек тастан жасалған моншақта жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керсінше жансыз дүниеден жанды әлемді меңзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына айналдырып жібергеніне таңданасыз.

«Бір тойым бар» - Нағиев Ақылбек
I жүргізуші: Оқырманын ерекше таңдандырып, тамсандыратын қасиетті ақын интуйциясы. Болашаққа деген болжамы, көріпкелдігі, әулиелігі.
Өзінің өлең - жырларында тойының мәңгі - бақи тарқамайтынын, талай жыл бұрын болжаған ақынды «әулие емес» деп кім айта алады?! Оның тойы өлмей тұрып - ақ отызға толмай тұрып - ақ басталып кеткен еді. Содан бері әні жалғасып келеді.

II жүргізуші: Төлеген, меніңше де, әулие ақын! Ол өзінің өлетінін де және қайда неден өлетінін де болжай алған!

Бір жетсе менің ажалым жетеді,
Найзағай оттарынан.
Сатқындар оқтарынан,
Өйткені мен теңіз боп ақтарылдым...

Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде...
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігімде?!

I жүргізуші: Айтса, айтқандай, ол өлең шабытының шарықтап өрлеген шағында, табиғи талантының асқар биігіне енді шыға берген сәтінде, орда бұзар отыздың мерекелі де, берекелі «Жеті қанат» отауының шаңырағын биікке енді көтере бастағанда, тағдыр оғының біріне тап болып, дүниеден өтті. Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты өз биігіне шығып өтетінін және де артында ұлан - асыр той жүріп жататынын алдын ала болжаған ақынды «Әулие емес» деуге кімнің аузы барады?!

Т. Айбергенов туралы диафильм көрсетіледі.

II жүргізуші: Ендігі кезекте өмірден өзі кетсе де, Төлеген жырларына баға берген
қаламдастарының өлең - жырларын тыңдалық.
1. М. Мақатаев «Төлегенге» - Сағынаев Сапар
2. М. Шаханов «Айбергенов шыңы» - Байсанова Зарина

Ән: « Ақ ерке, Ақ жайық» Жауынбаева Нұрайлым

I жүргізуші: Төлеген жырлары туралы ойласақ, ол жырларды адам қолынан шықты, қаламмен жазылды дегенге сенгің де келмейтін секілді. Бұл әлде сыр құдірет арқылы ақын көкірегіне құйылып, содан төгіле қалған дүниелері ме дейсіз. Төлеген – құйма жырдың киесіндей ақын. Төлеген - Алланың ерекше мейірімі түскен адам болса керек. Өмір - жасы қысқа болғанымен, поэзия көгіне өз жырларын, қолтаңбасын мәңгі өшпес күн секілді шығарып кетті емес пе?- дегім келеді.

II жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен құйма жырдың киесі Төлеген Айбергеновтың мерей тойына арналған бағдарламамыз мәресіне жетті. Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік - дегім келеді.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы
Еспембетова Салтанат Шәріпқызы

Толық нұсқасын жүктеу
8 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлеген Айбергенов «Ана»
Төлеген Айбергенов «Ана»
Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Төлеген Айбергенов Ақ қыс
Төлеген Айбергенов Ақ қыс
Қыс мезгіліндегі мерекелерге тоқталу арқылы өз ойларын жеткізуге ықпал ету. Қыс мезгіліндегі ойын түрлері, қар түрлері, жұмбақтар шештіре отырып, оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
Төлеген Айбергенов «Аруана – бауыр дүние»
Төлеген Айбергенов «Аруана – бауыр дүние»
ШҚО, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Бахытжамал Базылрахмановна
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ған ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Қазақ поэзиясының дамуына атсалысты. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұқтар Шаханов, Тынышбай Рахым сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×