Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер – тұғырың

01 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыбы: Туған жер – тұғырың
Тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларда өздерінің туған жері, туған қалалары туралы білімдерін молайту. Оқушыларда патриоттық сезімді ояту.
Көрнекілігі: лента, интерактивті тақта, нақыл сөздер, кітаптар

Тәрбие сағатының жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Теориялық бөлім
ІІІ. Сайыс
ІҮ. Марапаттау
Ү. Бекіту

І. Ұйымдастыру
1жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
2 жүргізуші: Армысың, ұлылардың елі – қасиетті Семейім! Армысың ұлы Абайды дүниеге әкелген, табанының, өмірінің өшпес ізі қалған, қазақ деген халықтың даналығын паш еткен жер! Армысың ардақты Шәкәрім мен Мұхтарды сыйлаған киелі Шыңғыстау!
1 жүргізуші: Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым - ай!
Сен менің шолпанымсың, жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай!...- деген Мұқағали атамыздың өлең жолдарымен бүгінгі біздің «Туған жер тұғырығы» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

ІІ. Теориялық бөлім
2 жүргізуші: Семейім менің – биіксің,
Баршаға құнды, биік шың.
Даналардың мекені,
Ізгілікті жиынсың.
- Барлығымыздың туған жеріміз қазақ сахарасы, ал туған қаламыз – Семей өңірі! Сондықтан бір уақыт 3 сынып оқушылары туған қалалары - Семейге арнаған өлеңдерін оқып, оның байлығы мен алыптылығын дәріптеп қоялық.
1 оқушы: Туған жер - асыл, қымбаттым,
Анамдай маған үн қаттың.
Алысқа сапар шексем де,
Сырлары болдың жұмбақтың.
2 оқушы:
Сүйінші! Хабар жетті Семейімнен,
Қалайша "Бәрекелді!” демейін мен!
Жүректің қуанышын жария ғып,
Жарқылда, төгіл өлең, көмейімнен!
3 оқушы:
Семейім, ерте кезден келе жатқан,
Етпейін тарихыңды неге мақтан!?
Қасыңда қосанжарлап қалмай қойған,
Құтылдың "Семипалат” деген аттан.
4 оқушы:
Ойға алсам тағдырымды бір заманғы,
Байланып қол - аяғым шырғаланды.
Күзеліп тұлпарымның жал - құйрығы,
Қанаты сұңқарымның жұлмаланды.
5 оқушы
Семейім, "Семей” деген байырғы атың,
Елдіктің көрсетіп тұр парасатын!
Шертеді шежіресін әр ғасырың,
Зулаған замандардың толға сырын.
2 оқушы: Абайдай дананың кіндігін кескен жер!
3 оқышы: Шәкәрім айдарын аялап өскен жер!
4 оқушы: Мұхтардай пенденің нәр алып өскен жер!
Семейім! Семейім! Семейім! (бірге)
1 жүргізуші: Енді Семей қаласының бай тарихына үңіліп, еске алайық.
- Балалар сендер Семейдің тарихы жайында не білесіңдер?
1 - Оқушы: Семей қаласының тарихы сан қилы. Қилы заманды басынан кешекен ескі қала Семейдің бауырында небір тарихи оқиғалар жатыр. Кейбіреулер жеті шатыр деп атанған Семей қаласында өткен жылдардың тізбегі де, сол жылдардағы ел даналығы да қазақ халқының тағдыры да түйіскен.
2 - Оқушы: Семей қаласы халқымыздың ескі көне тарихи қалалардың бірі ретінде халық жадында, оның тарихында бұрыннан белгілі. Бұл қала халқымыздың біртуар ұлы тұлғалары: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Шәкәрім Құдайбердіұлының, тағы басқа көптеген өнер, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің отаны.
- Тамаша! Семей қаласының елтаңбасы жайлы не білесіңдер?
3 - оқушы: Семей қаласының елтаңбасы бірнеше рет өзгерді. Соңғы үлгісі 1785 жылы бекітілді. Көгілдір түстес..... алтын түйе, елтаңбаның төбесінде күміс түсті ай және 5 бұрышты жұлдыз орналасқан.
- жақсы. Ал біздің қаламызда қандай мәдени орындар бар екен?
4 - оқушы: Абай атындағы мұражай, Абай атындағы драмалық театр, Абай атындағы кітапхана, орталық кітапхана, Невзоров атындағы мұражай.......
- Өте жақсы!
2 - жүргізуші:... Жұлдыздар аспанынан алшақ күліп,
Қарсы алар, түнде барсаң, самсап тұрып
Семейім, сен арусың, сондықтан да.
Мойныңа тағам жырды моншақ қылып.
- иә, шынында да Семейдің тарихы сан қилы. 3 жарым ғасырға жуық ғұмырында Семейдің топырағын небір атақты дүлділ азаматтар басты. Қазақстанның тіпті Ресейдің атақты адамдары осы қаланың суын ішіп нуын аралап, ауасымен тыныстап, шаһардың тыныш көшелерімен талай рет серуендеген. Сол атақты адамдар қаланың дамуына үлес қосты. Сондықтан да Семейге елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы» деген мәртебе берген.
- «Қаражорға» биі

ІІІ. Сайыс
1 - жүргізуші: Тәрбие сағатымыздың 2 бөлімі - сайыс. Қазір алдарыңызда 3 «а» және 3 «б» сынып оқушылары өзара сынға түседі. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады, әр кезеңде оқушылар Семей қаласы жөнінде білімдерін көрсетеді. Оқушылардың білімін, жұмысын қадағалап, бағалайтын қазылар алқасымен тасыс болыңыздар.

1 кезең «Сәлем сөздің анасы» деп аталады. Мұнда балалар 1 мин ішінде өз топтарына атау беріп, оны түсіндіреді. Қазылар алқасы уақытты қадағалап отырады. Ал енді, іске сәт!
(оқушылар ортаға шығып өз эмблемаларын көрсетіп топ атауларымен таныстырады)
2 - жүргізуші: 2 - кезең «мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Әр топ белгіленген уақыт ішінде «туған жер», «туған ел», «отан» тақырыбына мақал – мәтел жазады. Ең көп мақал - мәтел білетін топ сайыстың осы кезеңінің жеңімпазы атанады. Уақыт кетті!
( топ мүшесі ортаға шығып мақал - мәтел санын айтады, оны оқып береді)
1 - жүргізуші: 3 - кезең «жұмбақ шешу» деп аталады. Әр топқа мозайка таратылып, оның жұмбағын шешу міндет. Алдарыңызда әр топтың жұмбағы көрсетіліп тұр. Ойынның шарты: Көлбеу орналасқан сандарды тік орналасқан сандардың қосындысын шығарып, жасырынып қойылған мақалды табу керек.
( топ мүшесі ортаға шығып өз майкасын көрсетеді және жұмбақтың шешімін айтады)
2 - жүргізуші: 4 - кезең «Семей ұлылардың мекені деп аталады» Сайымтың бұл кезеңінде оқушылар көк немесе қызыл түсті белгішені таңдап, онда жасырынып тұрған Семей өңірінің тумасы жайлы білімдерін ортаға салады.
(топ мүшесі білімдерін ортаға салады)
1 - жүргізуші: Сайысымыздың соңғы 5 кезеңі «Семей - мәдени астана» деп аталады. Осы кезеңде оқушылар Семей қаласының мәдени орындарын қандай дәрежеде білетінің көрсетеді. Шарты: топ мүшелері тақтадан бір түс таңдап онда жасырылған бір мәдени орта жайлы мәлімет береді.
(топ мүшесі білімдерін ортаға салады)
1 - жүргізуші: Міне тәрбие сағатымыздың 2 бөлімі де өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы шешімін шығарғанша алдарыңызға 3 «б» сыныбының ұлдарын шақырайық. Олар бізге әзілдерін дайындап келді екен. Қане тамашалайық!
2 - Жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін айтуға дайын. Ортаға шақырайық!

ІҮ. Марапаттау (жеңімпаз топқа мадақтау қағаздары және шағын сыйлықпен марапатталады)

Ү. Бекіту
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, тәрбие сағатымыздың қонақтары. Бүгінгі біздің «Туған жер - тұғырын» атты тәрбие сағатымыздың басты мақсаты киелі шығыстың жерін сөз ету еді. Қазір Семейдің топырағының қасиетін, әдемілігін, сұлулығын, парасатын тағы бір дәріптеп, арнайы дайындаған видео фильмге назар аударайық.
(фильм көрсету)
- Осымен біздің дайындаған «Туған жер - тұғырың» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
7 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Туған өлке – тұнған шежіре
Туған өлке – тұнған шежіре
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×