Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Тоқбаев Серік Қайырханұлына береміз.

ІІ жүргізуші:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Өзінің құттықтау әндерімен ортаға әншілеріңіз 6 - 7 сынып оқушылары келіп тұр екен, қарсы алыңыздар! (Музыка қосылады. Бірақ әншілер әнді айтпайды.)
Әншілер: О, ағайындар! Біз ән сала алмаймыз. Орталарыңызда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, біз ән айта алмаймыз.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық!
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)
Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын жапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той - думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншілеріміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
Аяз ата: Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші қыздар, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.

ӘН: «Жаңа жыл кешінде» Арай мен Гүлдана
ӘН: «Жаңа жыл» Дана мен Айша
(Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.)

ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға Шағын орталық пен дайындық сыныптарының тәрбиешілерін шақырайық. Қарсы алыңыздар!
(Ендеше ортаға өз костюмдерін қорғайтын оқушылар болса, шығып өнер көрсетсін)
БИ: Шағын орталық оқушылары
Дайындық сыныбы
БИ: 1 – сынып оқушылары
БИ: «АДАЙ» Диас пен Жанарыс
Аяз ата: Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамасанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. (Сыйлықтар беріледі).

Талпын жалпы орта білім беретін мектебі
Тәлімгер: Г. Ж. Муханбетова

Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш. жүктеу
2 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Қош келдің, Жаңа Жыл!
Қош келдің, Жаңа Жыл!
Тезірек, тездетіп, мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңа жылдық карнавал Маска да бар, би де бар, асығыңдар. Шырша жанында қонақты қарсы алыңдар.
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×