Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа Жыл!

17 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады.

Жүргізуші: Тезірек, тездетіп, мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар.
Шырша жанында қонақты қарсы алыңдар.
Шырша тойының иелерін қарсы алайық! Балалар екі - екіден әуенмен залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, ата - аналар, сүйкімді балалар!
Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын Жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Шырша тойына орман аңдары да, сүйікті кейіпкерлерде келіпті.
Балалар, бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі демекші, ол әлемдегі ең көп тараған, әрі ең керемет тойланатын мереке екен. Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүзінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар шашылып, Жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен! Сіздер білесіздер ме, баяғы өткен заманда Кіші Азия деп аталатын қазіргі Түркия жерінде Николас атты шіркеу қызметкері тұрыпты. Шамамен 255 - 257 жылдары туылған Николас ата - анасынан ерте айырылып, шіркеуде қызмет жасайтын көкесінің тәрбиесінде болады. Николас ата - анасынан мол мұра иеленіп
қалады. Кале қаласының маңындағы Ликий деген жерде бар мал - мүлкінен айырылып қалған 3 қызы бар кісі болыпты. Ішерге тамағы таусылған әкесіне көпестер отбасындағы қыздарға құда түсу керектігін ескертеді. Бірақ сол заманда тұрмысқа шығып, отбасы құру үшін қыздың жасауы жақсы болу керек екен. Амалы болмаған әкесі үлкен қызын күңдікке сатуға мәжбүр болады. Үлкен қызына мән - жайды түсіндіріп айтады. Ол бәрін түсініп, пеш жанына шұлығын қойып, ұйықтап қалады. Таңертең ұйқыдан тұрып, шұлығын алса, үлкен қызы шұлығының ішінен сыңғырлаған тиындардың даусын естіп, әкесіне қуана жүгіреді. Осылайша үлкен қызы күңдіктен құтылады. Ортаншы қызы күңдікке сатылуы тиіс түні де осындай жағдай қайталанып, ол да азапқа толы өмірден құтылады. Кезек кіші қызына келгенде әкесі жақсылық жасап жүрген кім екенін анықтау үшін түнде ұйықтамай аңдиды. Ол Николас екенін біліп, қатты қуанып, алғысын айтады. Николас бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпауды сұрайды. Осылайша, Николас мұқтаж жандарға жасырын көмектесуін жалғастырады. Николас адамдарға құдайды қалай сенудің, көмекке зәру адамдарға қол ұшын берудің жарқын үлгісін көрсетіп, адамдардың есінде мәңгіге қалды. Oсы кезден бастап адамдар Николасты Санта Клаус, яғни киелі Николас деп атап кетті. Балалар жыл сайын Жаңа жылды, Санта Клаусты асыға күтеді. Себебі, Жаңа жыл – сыйлық беру мен сыйлық алу уақыты. Адамдар Санта Клаусты әр елде түрліше атайды, мысалы, Ресейде Дед Мороз, Францияда Пэр Ноэль, Жапонияда Сегацу - сан десе, Қазақ халқы оны Аяз Ата деп атайды.
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып - дегендей, алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді «Айгөлек» балабақшасының директоры Атшыбаева Айгүл Нұржаубайқызына береміз!

Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
Олай болса, мына әдемі де, әсем шыршамызды айнала «Саура» тобының «Қош келдің, Жаңа Жыл» атты ертеңгілігіміздің алтын қақпасын «Шырша жыры» әнімен айқара ашайық!

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, шыршаның түбінде бір нәрсе тұрған сияқты, Мәссаған мынау үлкен қорап ғой, міне, қызық ішінде небар екен, мүмкін қораптың іші толы сыйлықтар шығар, ашып көрейін. Қораптың ішінен Жұлдызшы шығады. Жүргізуші қорыққан кейіп білдіреді.
Жұлдызшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Міне мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып, жолдан кебіс тауып алдым.( балаларға көрсетіп) Балалар кебісті кім жоғалтып алуы мүмкін? Мүмкін сендердің біреуіңнің кебістерің емес пе?
Балалар: Жоқ, біздікі емес.
Жұлдызшы: Сендерге қарасам, бәрің өнерлі балалар сияқтысыңдар.
Жүргізуші: Иә, жұлдызшы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. Біздің балалар, әсем шыршамызды айнала ән айтып, би де билеп, өлең шумақтарын да мүдірместен айтады.

Жүргізуші: Жұлдызшы, сен кебісті орманнан таптың ба? Олай болса, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз.
(Балалар жұп болып, қатарға тұрып, шыршаны айналады
Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады.)

Жұлдызшы: Қазір мен балаларды орман гномы мен шыршаларға айналдырып жіберемін.
Жұлдызшы таяқшасымен балақайларды гном мен шыршаларға айналдырып жібереді.
Жүргізуші: Қане, көңілді би билесек, мүмкін кебістің сыңарын табармыз
Би: «Аяз ата мен шыршалар».
Жұлдызшы: Жарайсыңдар, балалар, жақсылап би биледіңдер, бірақ кебістің сыңары табылған жоқ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 870
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Ит жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×