Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?
- Мен - бақылдауық бақамын
- Кел, бірге тұрайық
Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?
- Мен - секек қоянмын.
- Кел, бірге тұрайық
Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?
- Мен - жылмаң түлкімін
- Кел, бірге тұрайық
Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?
- Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар.
Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып, бірге өмір сүрді.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
8 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қолғап
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Үйшік ертегісі
Үйшік ертегісі
Күн күледі жадырайды, Құстар келіп сайрайды. Кел, балалар, келіңдер. Ертегіге еніңдер.
Қош сүйікті бақшамыз!
Қош сүйікті бақшамыз!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақша тәрбиешісі Сарыбаева СағынышШегебайқызы
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×