Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз

24 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз»

Фанфары
1 жүр: Алтын ұя мектебім аялаған,
Жас жаным жапырағын саялаған.
Қарлығаш ұландарың қанат қақты,
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам.

2 жүр: Сен - бұлақ өзге қуат келмегенде,
Шарапат сусын болған шөлдегенде.
Ғалым да, диқан дағы сенен ұшты,
Сенен ұшпақ біз сияқты түлектер де.

1 жүр: Иә, мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған, тәлім алған алтын ордамыз.
2 жүр: Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен, ендеше білімнің қара шаңырағына қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар!
1 жүр: Армысыздар жиналған ата – ана, ұстаз,
Той, жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамызда талпынып, қақты қанат,
Он бір жылда оң, солын таныған жас.

2 жүр: Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,
Қолдарына аттестат алғалы тұр.

1 жүр: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл – қыздарыңыз, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр. Қарлығаштарымызды қанаттарың талмай самғай беріңдер деп қарсы алайық!

2 жүр: Бүгінгі кеш, бүгінгі соңғы тілек, арнау мен аманатымыз соларға арналады.

1 жүр: Сезіледі жүректердің лүпілі,
Жиі – жиі соғатындай бір түрлі.
Бозбала мен бойжеткендер сендерге,
Еркелік те жарасады бұл күні.

2 жүр: Бал - балалық балауса өткенімен,
Қанат қағар самғар сәт жеткенімен.
Қоштасудың қиыны – ай ұстаздармен,
Қоштасудың қиыны – ай мектебіңмен.

1 жүр: Осы бір сәт уақыттың сыйы ма екен,
Өмірге аттау күрделі түйін екен.
Мектеп деген балалық шағың болса,
Балалықпен қоштасу қиын екен.

2 жүр: Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым қол соғып қолдай отыр - деп, бүгінгі кештің себепкерлері - бітіруші түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық!

1 жүр: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
11 «а» сыныбының алғашқы ұстазы Қадырханова Баян Қазыбекқызы және

2 жүр: Бүгін мен ғалым, яки болсам ақын,
Өзіңсің елден бұрын қол соғатын.
Ұрпаққа арнаса ғой жұрттың бәрі,
Дәл сендей бар өмірін, бар сағатын.
Өзінің бітіруші түлектерімен 11 «а» сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Наралиева Жанар Тілеуқабылқызы келе жатыр.

1 жүр: Әліппемен ашып өмір есігін
Тербетті сені «Білім» деген бесігің
Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өстік алғашқы ұстаз есімін.
11 «ә» сыныбының алғашқы ұстазы Есенова Ақкүміс Оңғарбайқызы және

2 жүр: Сен менің анамдайсың, ағамдайсың.
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.
Дүниеде сенен артық ақылшым жоқ,
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансың.
өзінің бітіруші түлектерімен 11 «ә» сыныбының жетекшісі, ардақты ұстаз, технология пәнінің мұғалімі Бекешова Құралай Оралбайқызы келе жатыр.

Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз. жүктеу
3 028
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері!
Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері!
Ұрпағың мақтануға болса лайық, Біз бүгін мақтанайық, жар салайық. Мектептің осы жылғы түлектерін Құрметпенен қошеметтеп қарсы алайық!
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жумагалиева Назыгул Амандыққызы
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Семей қаласы, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімдері: Әбдыханова Ш. С Сүйеукенова Ш. Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×