Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алақай, жаз келді.

14 шілде 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алақай, жаз келді.

Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек.
Балдырғаным сен үшін.
Жігіт болар күні ертең,
Бақытты болып өсе бер.
Құтты болсын мерекең!
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата - аналар және балалар. Бірінші маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Арманы бір үні бір,
Аға ардақты, іні гүл,
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
- Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?» 1 - маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.(Хормен). Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын ашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз біздің өмір сүрсе екен, олардың жүректерінен қайғы мұң шалмаса екен. Қымбатты балалар Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның үлкен азаматты болуға жетелеуін тілейміз. Қабыл алшы өнерлерін баланың тілектері орындалсын ананың.
Разия апайға сөз.
Бейбітшілік әніміз,
Өнеріміз бәріміз,
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз дей отырып.

Ән.»Жаз келді» Айсара, Айзада, Аягөз

Аягөз: Балалардың бақшасында бүгін той,
Балаларды қорғау күні біліп қой.
Нұрай: Біз бақытты баламыз
Ақылдымыз данамыз.
Ертеңгі күн еліміздің.
Батырлары боламыз.
Біздің топта ұл - қыздар.
Тату - тәті ойнаймыз.
Әлемдегі бар жанға.
Тек жақсылық ойлаймыз.

Ән: Нұрай «Мерекең»

Ұлмекен: Бірге болсын айымыз.
Құтты болсын тойымыз.
Қыздарымыз шаттана.
Би билесін шаттана.
Біз тілейміз бар бөбекке,

Ән: Исраил Нүрсәт «Атамакен»

Асылай: Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп.
Қуанғанын күлгенін.
Ана тілін ардақтап
Дидар: Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып өлең жаттап
Ертегілер үйрендік.
Тақпақ айтып, кезектесіп бір - бірлеп.
Кел қосылып ән шырқайық, би билеп.
Жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей отырып бүгінгі «Алақай, жаз келді!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын.
8 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий: Бар мейіріміміз балаларға
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий: Бар мейіріміміз балаларға
1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, б бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Халықаралық балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Мақсат балабақшасының мұғалімі Жакеева Алма Маратовна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Бар мейіріміз балаларға
Бар мейіріміз балаларға
«1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен) - Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×