Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!

30 шілде 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!»
0 сынып
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады).
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Айналайын, балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

Дильназ:
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата - анамыз қуансын.

Кәусар:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер - білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Мариям:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.

Дамир:
Енді мен үлкен боламын,
Анамның тілін аламын.
Ұстаздың барлық айтқанын,
Миыма құйып аламын.

(Есік қағылып, «5»- тік баға кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремім.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетіңдер.
ІҮ тапсырма Математика сабағынан.

І тапсырма
- Біз қай елде тұрамыз?
«Біздің Қазақстан».
- Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
- Мектебіміз қалай аталады?
- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің», «Қазақстанның байрағы»
- Неше жыл мезгілі бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?

Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р!

ІІ тапсырма
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо - та, қа - ла, да - ла)
- Жаңылтпаштар кім айтады?

(Әдептілік - әдемілік)
- Тура және кері санап бер.

ІII тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.

ХОР: «Мектебім аяулы, мектебім!»

Шырын:
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.

Аслан:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.

Ақерке:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Ән: «Үгай - ай» Дамир

IV тапсырма: «Математика сабағынан»
Тәрбиеші:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ.
(Санамақтар айтқызу)
1 саны - Нұрай
2 саны - Азамат
3саны - Аида
4саны - Сезім
5саны - Ислам 6саны - Адия
7саны - Расул 8саны - Диас 9саны - Ануар

1 – саны Нұрай
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын

«Жезкент кентінің мектеп - лицейі» КММ
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі: Беркимбаева А. З.

Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз! жүктеу
8 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
"Абай атындағы орта мектебі" ММ мектепалды даярлық топ мұғалімі Абдулгазиева Айгул
Қош бол, даярлығым
Қош бол, даярлығым
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×