Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!

20 қыркүйек 2015, Жексенбі
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы
Благодар орта мектебінің
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Нұрлыгүл Шауқымқызы

Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
– Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып,«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер,- дей отырып, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді орындарынан көтеріп, бір қошемет көрсетіп жіберейік.

Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ҚР Әнұраны шырқалсын: «Менің Қазақстаным!»
Айналайын, балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар! Ендеше, бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі өскелең ұрпақ өкілдеріне сөз кезегін берелік.

1 - Мади: Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Дайындық топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

2 - Ахат: Өз үлгіңді ұстаймын,
Айтқаныңнан шықпаймын,
Мен балапан құстаймын,
Баулыдың сен мұғалім.

3 - Медина: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен -
Ол тәрбиеші апайым.

4 - Жанарыс: Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!

5 – Ерсұлтан: Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

6 - Қоныс: Қуанышты, көңілді
Нағыз жақсы мереке -
Шығарып салмақ мектепке.

7 - Тахмина: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

8 - Саян: Біз балауса баламыз,
Жетілді ой – санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

9 - Несібелі: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс,
Тәрбиешіммен мақтанам.

10 - Даниал: Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.

11 - Асанәлі: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата – ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!

12 - Ерасыл Арман:
Нағыз білім – ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.

13 - Азиза:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен,
Біріншіге барамыз.

14 - Әлім:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

15 - Ерасыл Т:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

16 - Қоныс:
Ән салайық бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

17 - Медина:
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

19 - Ахат:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.

20 - Тахмина:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата - анамыз қуансын.

Хор: «Ойыншықтар»
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма: Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
"Абай атындағы орта мектебі" ММ мектепалды даярлық топ мұғалімі Абдулгазиева Айгул
Қош бол, даярлығым
Қош бол, даярлығым
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×