Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолың болсын балдырған!

11 шілде 2016, Дүйсенбі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
№25 жалпы орта білім беретін мектеп.
«Бөбек» шағын орталығының
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Тазабекова Шұғыла Нұрлыбекқызы

Мектепалды даярлық топпен қоштасу.
Тақырыбы: Жолың болсын балдырған!
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Сауат ашу, Тапқышбек.
Құрал - жабдықтар:
Даярлық түлектеріне арналған дипломдар - мақтау қағаздары, ата - аналарға алғыс қағаздары. Залға шарлар, қанатты сөздер, тақырыпқа сай плакаттар, гүлдер.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біздің балалар өздерінің даярлық топтарымен қоштасқалы жатыр. Қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Мектепалды даярлықты бітіруші бүлдіршін түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
(Әсем саз әуенімен аты аталған балалар екі - екіден кіреді.)

Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер,
6 жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын мерекең

Жүргізуші: - Кезекті балалар тақпақтарына береміз.
Данияр:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Диана:
Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз

Аяжан:
Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

Балжан:
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Ажар:
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Мен мектепке барамын

Айғаным:
Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын
Дайын тұр сауыт сайманым
Дайын тұр жазар қаламым.
Дайын тұр киер көйлегім
Үйімде биыл той менің.
Өзімше мен кәдімгі
Оқушы құсап сөйледім

Алинұр:
Алтыға толды жасымыз
Ересек біздер баламыз
Екіні қосып екіге
Санай да біздер аламыз.
Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
Жүргізуші: Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін баршаңызға бағыштайды
Ән: «Біз өмірдің гүліміз» әні
(орындарына барып отырады)

(Әсем әуенмен Сауат ашу келеді )
Сауат ашу: Мен сендерді даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп сендерді құттықтауға келдім. Өнерлеріңді көруге, білімдеріңді тексеруге келдім. 1 - ші өнерлеріңді көргім келеді.
Жүргізуші. Қош келдіңіз, құрметті Сауат ашу. Иә біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз, білімдерін тексеріңіз.

Толық нұсқасын жүктеу
4 945
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Сауат ашу Жіңішке айтылатын сөзді тап. а) қауын ә) айран б) сағат в) төбе
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Ребустар жинағы "Мектепалды даярлық топ балаларына арналған"
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
"Абай атындағы орта мектебі" ММ мектепалды даярлық топ мұғалімі Абдулгазиева Айгул
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×