Алтын күз. Бүлдіршіндер арасында сайыс
“Алтын күз” Бүлдіршіндер арасында сайыс
Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті қонақтар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Алтын күз» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Жүргізуші: Қазақ халқы әрқашан қызды қадір тұтқан. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» - демекші, «Алтын күз» сайысына қатысып отырған қыздарымыз бүгінгі жарыстың ажарын келтіріп, беделін биіктетсін деп, аруларымызды ортаға шақырайық. (Жарысқа қатысатын балалар ортаға шығады)
Қанат Зарина Қанатқызы
Сағынғали Жұлдыз Нағиқызы
Әлібек Арайлым Әлібекқызы
Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Қыздарымыздың сайысың
Әділ берер бағасын – деп, сайысымызға баға беретін төрелік етуші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 Кел танысайық
2 Өз өнерін көрсету
3 Сән үлгісі
4 Үй тапсырмасы (анасымен бірге жасаған жұмысы).
Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
«Кел танысайық» бөліміне пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
Келесі бөлімге дайындала берсеңіздер болады.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған.
Біз өнерлі балдырған
Өнерімен таң қалдырған
Ортаға шығып көрсетсін
Бәріне таңдай қақтырған – дей келе, қыздарымыздың өнерімен танысайық.
Әділ қазылардың пікірлерін білсек.
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Сән дегенін керемет
Әсемдіктің белгісі
Көрсетейік ғажайып
Сұлулықтың көрінісін.
Сән көрсету үлгісі.
Әділ қазылар өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
Жүргізуші:
Көрсетеді өнерлерін әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Үй тапсырмасын орындапты екеуі,
Аналары мен қыздары бірлесіп.
(Балалар үйден жасап алып келген заттарын ортаға алып шығады.)
Әділ қазылар алқасы да қарап пікірлерін білдіріп жіберсе.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін «Кішкентай аруларымыздың» жан жақтылығын байқадыңыздар. Енді қазылар алқасына кезек береміз.
Әділ қазылар шешімімен сайысқа қатысушылар
«Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Шебер ару» номинациялары бойынша марапатталды.
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.
Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!
Өткізген: Демесін Г. Ж.

Жаңалықтар
Күзгі бал
Келді міне алтын күз Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді ісімен, Таңқалдырып халқын күз
Ажарлы күз арулары
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын Көңілді серіппелі күйін ашсын, Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып Береке бірлікпенен ортақтассын.
Жомарт күз!
Алматы облысы, Талғар қаласы, «№ 7 Айгөлек бөбекжай - балабақшасы» Мектепалды даярлық «Жас ұлан» тобының тәрбиешісі Ташкенбаева Ақерке
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.