Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арайлы алтын күз

13 қазан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Арайлы алтын күз
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жоспары:
1. Таныстыру (оқушылар өздерін жеке - жеке таныстырады)
2. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)
3. Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімдерден үйден дайындап әкелуі керек)
4. Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
5. Білгенге – маржан (сұрақ - жауап)
6. Қорытынды
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат көрген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін берген!?
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста - ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық жеміс, мақтасын …. – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
Нағыз сары алтындай сары күз – қыркүйек айы. Ол – еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы – қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Таныстыру бөлімі
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын - кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

Өнер сайысы
Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая - мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 868
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Күзгі бал
Күзгі бал
Келді міне алтын күз Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді ісімен, Таңқалдырып халқын күз
Күз - береке, молшылық
Күз - береке, молшылық
«Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылдық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Ой- хой, шіркін, тағы да күз!
Ой- хой, шіркін, тағы да күз!
Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр - сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой - өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×