Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арайлы алтын күз

28 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту. Күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу. Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

1 - жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
2 - жүргізуші: Армысыздар патша көңіл көрермендер. «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазық даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.
2 - жүргізуші:
Жиылған қауым, армысыздар бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
1 - жүргізуші:
Бойға жиып ата - баба салтын біз,
Мерекеде шат көңілді жарқынбыз
Берекесін, молшылығын әкелген,
Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз - деп бүгінгі берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
2 - жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
1 -- жүргізуші: Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі
Ұрпақ тәрбиесі киелі ұғым
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қазақ халқы салт - дәстүрге бай ел, салт - дәстүр мәдениеті, тарихы, тұрмыс - тіршілігі, халықтың наным - сенімі қалыптасқан. Салт - дәстүр әр халықтың бет - бейнесін көрсетеді. Сондықтан жас ұрпаққа өз ұлтының дүниетанымын, сұлулығын сезіне білуге, адамгершілікке, имандылыққа баулу тәрбиенің басты міндеті десек артық айтпаспыз.
Бүгінгі «Алтын күз» мерекесі қарсаңында өткелі тұрған байқау соның дәлелі
2 - жүргізуші: Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы.
1 - жүргізуші: Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы, өйткені дихандар сабантой жасайды.
2 - жүргізуші: Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып кетейік осы отырған баршаңа,- дей отырып, құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік
Әділқазы алқалары: _________________________
_________________________
_________________________
1 - жүргізуші:
Бағдарламамен таныстырып өтсек:
1. Таныстыру (сыныпқа ат қою, эмблема, арнайы киім)
2 Өнер сайысы
3. Берекелі дастархан (күзгі өнімдерден)
4. Сән үлгісі (Күздің көрінісі)
2 - жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын - кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз
1 - жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Күзгі баққа саяхат
Күзгі баққа саяхат
Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Күзде күн суытып, барлық жан – жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×