Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақшаны ақылмен жұмсайық

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ақшаны ақылмен жұмсайық
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ақша, ақша қызметі, ақша айналымы туралы түсінігін маңыздандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту.
Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікір талқы сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Валюта даген не? Ұлттық валюта деген не? Ақша деген не?
Табыс деген не? Шығын деген не? Бюджет деген не?

III. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Валюта – осы елде пайдаланылатын ресми мемлекеттік ұлттық ақша бірлігі. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Құндылығы бойынша кез келген басқа тауармен салыстыруға, кез келген тауарға айырбастауға болатын әмбебап тауар – бұл ақша

IV. Негізгі бөлім. 1 тапсырма. Ақша туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
1. Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.
2. Ақша туралы арам ой да - зиян.
3. Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз, үстеме - леп аласыз.
4. Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
5. Басы артық дүниеңізді бас - қаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмек - тесетін бол.
7. Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.

Оқулықпен жұмыс. 41 бет. Ақшаны ақылмен жұмсайық.
Логикалық тапсырмалар:
Сатып алмас бұрын, алдымен не керек?
Егер артық ақшаң көп болса не істер едің?
Ақшасыз сауда болуы мүмкін бе? Болса қандай? Ақшаның қандай түрлері бар?

Оқушылардың пікірін тыңдау.
Біз қанша жерден «ақша қолдың кірі» дегенімізбен, ақша – тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызмет істейді. Ал сол ақшаны да адам өз игілігіне жұмсай білуі керек. Бірақ тапқан табыстың басым бөлігін ойын - сауыққа, ішіп - жеуге, арақ - шарапқа жұмсауға болмайды. Онда қалтаңыздағы қаржының берекесі кетеді;
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент”, “Ақша – ерекше тауар”, “Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас”, “Ақша – еңбек өлшемi”, “Ақша бастапқы капитал” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.
1) Ақша – төлем құралы.
2) Ақша көмегімен кез келген игілікке деген қажеттілік қанағаттандырылады.
Ақша – айналым құралы.
3) Ақша – құн шамасы және өлшем бірлігі.
4) Ақша – жинақтау құралы.

Қосымша оқу үшін.
Ақшаның шығу тарихы.
Алғашқыда түрлі тайпалар мен халықтарда ішкі және сыртқы сауда-саттықта оның басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шығып, олар құн төлеуге пайдаланылды. Яғни, ерте заманда гректерде, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда, қыпшақтарда – мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз ақша рөлін атқарды. Кейін тауар өндірісі мен тауар айналымының дамуы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауысты. Біздің заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып, біздің заманымыздағы бірінші ғасырда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алды. Дешті Қыпшақ елінде 6 - 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбалары бейнеленген теңгелер құйылды. 17 ғасырдың басында қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден - бір заңды төлем құралына айналды. Содан бері 15 - қараша – Теңге күні.

Ақшаның сезімталдығы Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Әрине, бұл – қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Алайда бизнес сабақтарын жүргізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық дене еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар: «қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялаған-ды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз», - дейді. Өте қызық болжамдар.
Ақшаға байланысты мұндай болжамдарға сенсек, қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең жоғала береді.

V. Жаңа сабақты бекіту Оқулық 41 бет. 2 тапсырма. Отбасы бюджеті деген не? 6 сынып оқушысының өз бюджеті болуы мүмкін бе? Жеке бюджет деген не? Балансталған, тапшылығы, артықшылығы бар бюджет дегеніміз не? Тапқанын көп жұмсамас үшін адамдар не істейді? Сенің өз табысың неден құралады? Сен үнемдей аласың ба? Үнемдеудің қандай түрлерін білесің?
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма: 41 бет. « Артық ақшаны қалай табуға болады?» эссе жазу.
VIII. Сабақты қорытындылау.
4 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Ақшаға қажетті заттарды сатып алуға болады. Заттарды сатып алу үшін металдан жасалған ақша монетаны да қолданамыз.
Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге ілу» ойыны
Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге ілу» ойыны
Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі. Бір - бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады.
15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Тиыннан теңге құралады, - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар? (Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта
Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Валюта – осы елде пайдаланылатын ресми мемлекеттік ұлттық ақша бірлігі. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі.
Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Сыныбы: 8 Тақырыбы: Бизнес және мен: ақша – уақыт тынысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×