Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналдым, «Ана» деген үш әріптен

05 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты 7 класс
Тақырыбы: Айналдым, «Ана» деген үш әріптен
Мақсаты: Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы, жүрекше.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.

Шаттық шеңбер
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қуанамын мен де,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
- Балалар, біз неге шаттық шеңберін құрып бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны. Ендеше бір - бірімізге қарап, мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

Психологиялық сәт: Жүректен - жүрекке « Маған ең қымбат жан»
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Айналдым, «ана» деген үш әріптен» деп аталады.
- Ана дегеніміз кім?
- Әр адамның өз анасына деген махаббаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез - келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып.
Анам менің – көктегі күнменен тең,
Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,
Әлпештеген асыл анам болмаса,
Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.
Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,
Мен үшін қуанасың, нұрланасың.
Осы өмірге жеткізген өзің үшін,
Сен маған жыр анасың, нұр анасың, - дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен...
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әр үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,
Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз,
Егер біздің қасымызда болмасаңыз,
Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.
Сіздер – күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп - гимназиясы
Класс жетекшісі: Әли Г. Қ.
Айналдым, «Ана» деген үш әріптен. жүктеу
4 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және біз
Экология және біз
Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Отбасы – тәрбие бастауы
Отбасы – тәрбие бастауы
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Тақырыбы: Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Сәлем сөздің анасы
Сәлем сөздің анасы
Райымбек ауданы, Кеген селосы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі: Бекбосынова Жанат
Тазалық - денсаулық  кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім
Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана - гүл
Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана - гүл
Мақсаты: Ата - аналардың мектеппен байланысын арттыру. Оқушыларға ата - ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×