Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандығым - мақтанышым

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мамандығым - мақтанышым

1. Назарбаева С. – сөзі (ашып беру) 5 мин
2. Ән 5 мин
3. Мамандық туралы ақпарат (баяндама оқушы) 3 - 4 мин
4. Өлең шумақтары (оқушы) 3 - 4 мин
5. Сауалнама (оқушылардың 9 - 11 сынып оқушыларынан алған сауалнама видео ролигі) 3 - 4мин
6. Би (флешмоб) 5 мин
7. Залмен ойын (ерекше мамандық атаулары беріледі, көрермендер түсіндіреді) 6 - 7 мин
8. Қонақтармен сұхбат (оқушылар келген мамандық иелеріне көкейінде жүрген сауалдарын қойып жауап алады) 8 - 10 мин
9. Менің болашақ мамандығым (11сынып оқушысының монологы, 11 сынып оқушыларының диалогы немесе көрініс) 5 - 6 мин
10. Сергіту (демалу) сәті: жастар талабына сай (махаббат тур) өлең шумақтары 4 - 5 мин
11. Қорытынды (сөз беру)
12. Әнмен жабу

1 - жүргізуші:
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
2 – жүргізуші:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
- Армысыздар, аяулы ұстаздар, арманы асқақ оқушылар мен қадірлі кеш қонақтары!
1 - жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Абзал, сен биыл жас түлексің. Жауапкершілігі жоғары өмірге қадам басқалы тұрсың. Қандай маман иесі болам дейсің?
1 - жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыз. Алда атқарылар міндеттер мен жүйелі жоспарлар көп. Арманым экономист болу, енді арманды ақиқатқа айналдыру үшін еңбек етудемін.
2 – жүргізуші: Жарайсың, Абзал! Мақсатың айқын екен, дегеніңе жет!

1 - жүргізуші: Рахмет, әпки! Дегенмен оңай емес. Мектептен түлеп ұшқалы отырған мына бізді – 11 - сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың біз үшін маңызы өте зор.

2 – жүргізуші: Сондай мүмкіндік сендерге туғалы отыр, Абзал. Бүгінгі күн көкейлеріңде жүрген сауалдарға жауап алып, жолайырықта тұрған сендерге таңдау жасау үшін ерекше күн. Ендеше, уақыт жоғалтпай, сол мүмкіндіктерге кезек берейік!

1 - жүргізуші: Ал, сол мүмкіндіктерімізбен таныстырып өту үшін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Назарбаева Сандуғаш апайды шақырайық!
Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар және кеш қонақтары! Мен, Назарбаева Сандуғаш «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі, еңбек өтілім 31 жыл, санатым - жоғары. Сіздердің назарларыңызға «Мамандығым - мақтанышым» атты сыныптан тыс ақпаратты - сазды бағдарламамызды ұсынамын. Мақсатымыз: осы бағдарламамызды ұсыну арқылы жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағұлмат бере отырып, қазақ тілі апталығын қорытындылау.
Атақты ғұлама Әл – Фараби:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – дегендей бүгінгі шарамызға көп болып көсіліп, бір болып жұмылып атсалысайық демекшімін.
(сөзден соң бірден ән, оқушы)

1 - жүргізуші: Рахмет, Сандуғаш апай, сеніміңізді ақтаймыз!
2 - жүргізуші:
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.

1 - жүргізуші:
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
2 - жүргізуші:
Ал сол мамандықты біздің оқушыларымыз қалай түсінеді, қалай қолданады – ойларын ортаға салсын.
(Мамандық туралы ақпарат (баяндама оқушы) 3 - 4 мин)

2 - жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың да саласы да аз емес. Әрине таңдау жасау оңай да емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.

1 - жүргізуші:
Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.

2 - жүргізуші: Ал Абай атамыздың сөзімен айтар болсам: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Ойымды өзінің маржандай сөздерімен _________________________________ жалғастырсын. Ақынға қара сөзден өлең оңай. «Мақтанышым - мамандығым» жыр шумақтары.
(Өлең шумақтары (оқушы) 3 - 4 мин)

2 - жүргізуші: Абзал, әлемде 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Ал біздің елімізде 180 – ге жуық мамандық түрі бар екен.
1 - жүргізуші: 180? Ол да аз емес. Ал, сіз өзіңіз ұстаздықты таңдапсыз...

2 - жүргізуші: Ия. Ұстаз – ол ұлы тұлға. Кез келгеннің қолынан келе бермейтін, кез келгеннің таңдауына ере бермейтін сондай қиындығы мен қызығы қатар жүретін ерекше мамандық. Таңдай салып, келе қалатын, көре салып, істей салатын оңай іс емес. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Ал үйрету – артыңда із қалдыру деген сөз ғой. Сен кетсең де жасағаның жұрттың жадында қалады емес пе? Менің таңдауым – осы.

1 - жүргізуші: Ал, неге орыс тілі неге қазақ тілі емес? Қазақпыз ғой...

2 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, Абзал, қазақпыз. Білетініңдей, ҚР - ның Тіл Туралы Заңының 7 - ші бабында қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі – ресми тіл делінген. Және оған қоса, «Тұғырлы Үш Тіл» де бар. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін біз, жастар, жан - жақты болуымыз керек қой. Қазақ балаларына орыс тілін де алып жүру қиын емес. Біздікі – тек жол сілтеу. Қалғанын өздері - ақ ізденіп, білімдерін жетілдіре береді. Мен жастарға сенемін!
Мамандығым - мақтанышым жүктеу
4 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты
Мамандығым мақтанышым атты ашық тәрбие сағаты
Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, электромонтер мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, электромонтер мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айсүгірова Ұлбосын
Бастауыш мамандығым болашағым
Бастауыш мамандығым болашағым
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік Университеттің 3 курс студенті Әміржанова Меруерт
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×