Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары

16 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары

І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар!
«Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем Вас на замечательном празднике «От чистого сердца благодарны вам». От всей души желаем в этот особенный день много радости, веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым любимым праздником!

І жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан - мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп - өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырың, туысыңа айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез - келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, оларға алғыстан басқа айтары жоқ. Біздің елімізге жолдамамен қызметке жіберілген қаншама партия, кеңес қызметкерлері болды. Олардың өзі Қазақстанды туған еліндей көреді. Жазған естеліктерінде қазақ даласын, ондағы адамдар туралы құрметпен еске алады.

ІІ Жүргізуші
Сонау 30 - жылдардың соңында үдере көшу саясаты құрбандарының бүгінде үшінші ұрпағы елімізде, егемен елімізде өмір сүруде. Олар туралы әркез жылы сөздер айтылуда. Алайда, жан - жарасы әлі де ұмытылар емес.
«Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», – деген болатын ел Президенті.
Рас, сол жылдары бүкіл қазақ отбасы арып - ашып келген жандарды құшақ жая қарсы алып жатты. Олардың ұрпақтары бүгінде ержетіп, есейді. Мұндайда алғыс айтқанды ұмытпаған абзал. Бүгінде олардың бәрі «Мың алғыс, қазақ халқына!» дейді.
Биылғы жылы алғаш рет тойланбақ болып отырған 1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді». Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән - мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштымыз.

2 - жүргізуші: Біріншіден Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.
Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

І жүргізуші: 1 - наурыз Алғыс айту күніне арналған кешіміздегі сөз кезегін мектебіміздің директоры О. С. Сейтказинге береміз.

2 - жүргізуші: В честь Дня Благодарения звучит песня «Отан Ана» в исполнении учителя музыки Ахметова Дархана Серикхановича.

1 - жүргізуші: Қымбатты балалар! Біздің арамызда күнбе - күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін қонақтар бар. Ерекше құрметтей отырып, сахнаға осы мектептің ардагер ұстазы - Альшева Любовь Петровнаны шақырайық.
1 - жүргізуші: Наш президент отметил, что главной целью развития нашей страны считает построение независимого, процветающего, политически стабильного государства. «Но такой Казахстан, - говорит Нурсултан Абишевич Назарбаев,- не создается сам собой. Он будет построен нами, исходя из наших желаний и нашей воли к успеху». Конечно, те, кто живет и трудится в Казахстане, думают и мечтают о будущем. Мы приглашаем на эту сцену учительницу начальных классов, представительницу татарской национальности Измайлову Римму Анваровну.
Сахнада 2 а сынып оқушыларының орындауында «Шөжелер биі» қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда, біз қол жеткізбек болған болашақты, өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Отанды сүйіңіздер, оны қорғаңыңдар, оған қызмет етіңіздер. Халықтар достығын қадірлеңіздер! Себебі біз, тәуелсіз, егеменді, дамыған мемлектте өмір сүріп жатқанымыз, қан майданда жандарын қиған ата бабаларымыздың арқасы.

1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Ерліктеріңізге мың алғыс! Сөз кезегі Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Қайсанов Сейтқазы Әбөкенұлына беріледі.

Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары жүктеу
7 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
1 - наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Болашақ бүгіннен басталады – атты «Алғыс күніне» арналған мерекелік концерт жоспары
Болашақ бүгіннен басталады – атты «Алғыс күніне» арналған мерекелік концерт жоспары
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Рахмет айтамын!
Рахмет айтамын!
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір - бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді». Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән - мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық.
Всё начинается с Любви
Всё начинается с Любви
Атырауская область, пос. Индер средняя школа имени Шокана Уалиханова Учитель самопознания Мусабекова Сауле Рахимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×