Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат және біз

23 сәуір 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Табиғат және біз
Мақсаты: Оқушылардың табиғат және оның әсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; білімге құштарлығын шыңдау; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ”табиғат” сөзіне берілген анықтамалар, тәрбие сағатының тақырыбы, эпиграфы, ойынның шарттары, жұмыстары, басқатырғылары көрсетілген презентациялар
Әдісі: Ойын, тренинг
Түрі: білім сайысы, шығармашылық отырысы
Эпиграфы: ”Сүйейік, табиғатты аялайық!”
Сценарий авторы және жүргізуші: 5 “А” сыныбы жетекшісі Жантлеуова Дина Изимбергеновна.

Барысы:
Сынып жетекшісі Дина Изимбергеновнаның кіріспе сөзі:
- Табиғат адам үшін жаралыпты. Бар қызық табиғаттан таралыпты – деп ұлы ақынымыз С. Торайғыров жырлағандай, табиғат пен адам әрқашанда егіз. Олар бір - бірімен тығыз байланысты. Бүгін сіздер «Табиғат және біз» атты білімпаздар бәйгесінде табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдеріңізді сарапқа саласыздар.
Тапқыр, білгір дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Ортаға сал барыңды – деп, барлығыңды білімділер сайысына шақырамыз.

Шарттары;
1. «Кел, танысалық!»
2. «Кім жүйрік?»
3. «Білгенге маржан»
4. «Ойлан, тап!»
5. «Балғын дауыс»
- Сонымен, іске сәт, балалар! ”Кел, танысалық” тренингінде әр ойыншы өзінің атын атайды да, алғашқы әріпіне сын есім айтады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады да, әр жауаптан кейін қошеметтеп қол соғады.
1. Менің атым Әсем, мен әдемімін.
2. Менің атым Перизат, мен парасаттымын.
3. Менің есімім Сауле, мен сымбаттымын.
4. Мен Сарамын, мен сүйкімдімін.
5. Аида - ақылды,
6. Айсара - ақжарқын
7. Инабат - иманды
8. Ербатыр - еңбекқор
9. Ералы - ержүрек
10. Мұхаммедәли - мәдениетті
11. Айдана – ажарлы
12. Мөлдір – мейірімді
13. Парасат – пысық
14. Әділет – әдепті
15. Айнұр - ақкөңіл
16. Ақмарал - адал
17. Анархан - арлы
18. Дәмелі - дарынды
19. Нұрбану – нәзік
20. Айгүл - ардақты.
- Табиғат сөзіне анықтамалар беріп, табиғаттың адам өміріндегі маңызын көрсетіп, «Табиғат» тақырыбына кластер құрастыру.


2 - бөлім “Кім жүйрік?” ойыны.
Сайысқа 24 оқушы түгел қатысады. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешеді. Берілген 10 жұмбақтың жауабын дұрыс шешкен 10 оқушы 2 - ші турға өтеді.
Жұмбақ айтам сіздерге,
Жауабын айт, білсеңіз.
Тура тапқан адамға,
Әділ баға береміз.

Жұмбақтар шешу
1. Шаруасы әр саласы, 12 баласы,
Бәйтеректей атасы бар.
Әр баласының отыздан серігі,
Өзіне лайықты көрігі бар. (Жыл он екі ай)
2. Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім тықыр кілем. (Жер мен ай)
3. Жүк тасиды – есек емес,
Мүйізі бар, кесел емес. (Ұлу)
4. Аппақ болып балбырайды,
Жап - жасыл болып салбырайды,
Қып - қызыл боп құлайды. (Алма)
5. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
6. Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі. (Бұлт)
7. Аяқ оны басады,
Ауыз оны асады. (Жүзім)
8. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
9. 12 айдың біреуі менің атымда
Деп жар салып жүреді. (Көкек)
10. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
11. Инебел, қалқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырысқа)
12. Қанаты бар тышқан
Қараңғыда ұшқан. (Жарғанат)
13. Есек құлақты, мысық аяқты,
Түйе ерінді, ешкі құйрықты. (Қоян)
14. Ат басты, арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды. (Шегіртке)
15. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
16. Күндіз бар, түнде жоқ,
Түнде бар, күндіз жоқ. (Күн мен ай)

3 - бөлім “Білгенге маржан”.
10 оқушы жұптасып, мақалдар айтып, жарысады.
- Мақал - мәтел - сөз мәйегі, тілегі, әр сындарда асыл сөздің тірегі – деп табиғат тақырыбына арналған мақалдар айту жарысын бастаймыз. Әр жұп бір - бірінің мақалын жалғастырады. Мысалы, Дала - көркі мал, /өзен - көркі тал. 10 оқушыдан 6 - уы келесі турға өтеді.

4 - бөлім “Ойлан, тап!” сайысы
“Ойлан, тап!” сайысында ойыншылар бір - бірінің дайындаған бас - қатырғыларын шешеді.
- Біле білген білімдіні зерек дейміз.
Білімімен ел – жұрттан ерек дейміз - деп ендігі кезекте сіздердің тапқырлықтарыңыз, шеберліктеріңізді сынаймыз. Іске сәт! 6 оқушы сынға түсіп, 3 - і дұрыс және тез шешкені жеңімпаз атанады.
5 бөлім “Балғын дауыс”.
Бұл турда ойыншылар табиғат туралы әндер орындайды.
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының.
Әлди әуен, әлемі - өнер оты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының.

Ойыншылар: орындайтын ән:
1. Дәмелі “Аппақ гүлдер”
2. Әділет “Атамекен”
3. Перизат “Табиғатым - мақтанышым ”
Барлық ойынға қатысушыларды, жеңімпаздарды құттықтау, марапаттау.
- Сайысқа түсіп бұл бала,
Шықты бүгін шын дара.
“Білімпаз” деп аталған жеңімпазға бір қара – деп 1 - ші орын алған оқушыны ерекше қол соғып, қошеметтейік: ол - жеңімпаз Нұғыманова Перизат!
Табиғат және біз жүктеу
2 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру; оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға баулу.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмашев Айзат
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×