Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мықты әскер – мықты Қазақстан

05 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мықты әскер – мықты Қазақстан

Мақсаты:
1. Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету. М. Алтынбаев өмірі мен қызметі туралы мағлұмат беру
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әдеби монтаж, сұрақ - жауап, сайыс
Көрнекілігі: Мұхтар Алтынбаев туралы слайд, тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфы“Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар.

1 - бала: Ел қорғайтын, ер ағалар –
Ардағымыз, арымыз.
Ерлер тойын, елдің тойын,

Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына ------ жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Отан қорғаушыларға арнамақпыз.
Тәрбие сағатының І бөлімі “Тәуелсіз елдің қыраны” деп аталады.

Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері.
Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Ұландарым!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Сақшысы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы
Келеді ұлан атанғым.

2 – бала: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасы;
Қорғайтын - ер боламын.

3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Ұланы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы,
Жалғаймын жолын Ағаның!

4 – бала: Буырқанып тұрса да барша маңым,
Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.
Қиындықты алмастай қиып өтіп,
Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.

5 – ұлан: Оқушымын бүгін мен,
Кіп - кішкентай баламын.
Ертең менде өскенде,
Ел қорғауға барамын.

6 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем
Капитан, қатал мінезі.
Сендерге достар, ант етем,
Генерал болам мен өзім.

3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр!
Бастайық енді ойынды.
Болу үшін нақ батыр,
Жаттығу аса қажетті.

4 – ұлан: Жауға басын имеген,
Жауыздықты сүймеген.
Ісіңе, Аға, еліктеп,
Ерлігіңді үйренем.

5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен,
Қырандар бірге самғаған.
Әзірге титтай болғанмен
Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!

6 - оқушы Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер

7 - оқушы Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар

8 - оқушы Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

9 – ұлан: Жер бетінде тыныштық!
Жер бетінде туыстық!
Баянды бақыт Адамға!
Орнатуға Далаға!
Сәбилік таза көңілмен

Бәрі: Ант етеміз!
Ант етеміз!
Ант етеміз!
Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар,
Жас ұландар!
- Әрқашанда дайынбыз!

Ән «Туған жердей жер болмас»
Би «Сарбаздар»
Мұхтар Алтынбаев туралы слайд
Тәрбие сағатының ІІ бөлімі «Мен елімнің ұланымын» деп аталады.
ІІ бөліміміз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді. Ал енді сайыс жоспарымен танысыңыздар.
1. «Кім білгір» сайысы
2. «Байланысшылар»
3. «Ең епті сапер»
4. «Үздік барлаушы»
5. «Әскери тапограф»
6. Командирлер сайысы

Сіздерге әскери комисариаттан повестка келді. 2 - топтың қайсы үздік шықса сол топқа әскер қатарына Отан қорғауға да дайын екенін анықтаймыз.
1 - конверт Әскери академиядан келген сіздердің білім, біліктеріңді тексерейік.
1 конверт сұрақтары оқылады.

Сұрақтар: 1 - ші 5 сұрақ
1. Қазақстан Республикасы егемендігін қашан алды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы)
4. Қазақстанда 1942 - 45 ж ұлы соғысын басқарған ержүрек қолбасшы?(Б. Момышұлы)
5. Қазақстан Республикасы Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков және Шота Уалиханов)

2 - ші 5 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім?
(Президент Н. Ә. Назарбаев)
2. Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
3. Қазақстан Республикасының туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
4. Қазақстан Республикасы қарулы күштері, Ұландар күні қай күні тойланады? (7 мамыр )
5 Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
Мықты әскер – мықты Қазақстан жүктеу
2 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік Отан қорғаушылар күніне. Әскер – әліміз, армия - абройымыз!
Ертеңгілік Отан қорғаушылар күніне. Әскер – әліміз, армия - абройымыз!
7 - мамыр - Қазақстан Отан қорғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік.
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Әскердегі ағама. Жаттығу жұмысы
Әскердегі ағама. Жаттығу жұмысы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсегалиева Бақтылы Айғалиқызы
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×