Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық сауаттылық – заман талабы

17 мам 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақ тілі 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық сауаттылық – заман талабы
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: оқушылардың айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым – қатынасын, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауды қалыптастыру, ой - өрісі дамыған, білімді, экологиялық сауатты, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, экологиялық санасын арттыру, тақырып бойынша сөйлеу тілін жетілдіру;
- дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту, коммуникативтік құзыреттерін: жүйелі сөйлеу, негізгі ойды анықтау, сұрақ қою және оған дәлелді жауап беру дағдыларын жетілдіру;
- тәрбиелік: табиғатты аялауға, өз елін мақтан тұтып қадірлеуге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу; жұпта, топта жұмыс істеуді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Жағымды эмоциялық күйге бөлеу. - Психологиялық ахуал:
Мұғалімнің сөзі: Көңіл - күйлерің қалай? Иә. Сендерге бүгін жұмыстарың нәтижелі болу үшін, жақсы көңіл - күй, күш - жігер керек.
- Жігер (воля) деген - Мен. Күш (сила) деген - Мен. Мейір деген – Мен. Жеңімпаз деген – Мен. Махаббат (любовь) деген - Мен. Кешірім (прощение) деген - Мен. Құдірет (величие) деген – Мен.
Хормен: Бәрі маған байланысты.
- Жастық шақ (молодость) деген – Мен. Денсаулық (здоровье) деген – Мен. Адалдық (честность) деген – Мен. Ғажайып (удивительный - диво) деген – Мен. Жарықтық (яркость, свет) деген – Мен. Жомарттық деген – Мен. Сұлулық (красота) деген – Мен.
Хормен: Бәрі менің қолымда.
- Иә, балалар, бүгінгі сабақ та, бүгінгі күн де, болашақтарың да - Бәрі сендерге байланысты. Бәрі сендердің қолыңда.
Қайырлы күн шәкірттерім, достарым,
Күн қайырлы болсын.
Қасиетті бүгінгі Жұма күн
Сәттілікке, қуанышқа толсын.
Бүгін алар бағаларың,
Кілең «бестік» болсын.

II. Сабақтың тақырыбын анықтау.
1. Мұғалімнің сөзі: Балалар, мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап айтуға бола ма?
2. Суреттерді көрсету.
3. «Ойлан, бөліс!» әдісі

III. Сабақтың мақсаты: «Экология сауаттылығы – заман талабы» тақырыбы бойынша оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін жетілдіру, экология мәселелерінің маңыздылығын түсіну, жақсарту жолдарын іздестіріп, пайдалану, негізгі ойды анықтау, сұрақ қою және оған дәлелді жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың эпиграфы:
Ой - өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру - жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты мәселе.
Н. Ә. Назарбаев
1. Сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңдаршы? Осы тәсілді пайдалану арқылы, сұрақтарға жауап алу – бұл сабақта алға қойған мақсаттарын анықтау. Оқушылар өз алдына мақсат қою керек.

IY. Миға шабуыл
1. Бүгінгі сабақтың тірек сөзі қандай?
2. Экология, табиғат сөздерімен байланысты сын есім, етістік жасамыз.

Y. Үй тапсырмасын тексеру.
1). Жоба жұмысын қорғау - Қазақстанның экологиясы сені толғандыра ма?
Тапсырманы топта бағалау

YI. Мәтінмен жұмыс. Клоуз тест орындау.
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде ұлан байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүниежүзі бойынша 9 орында. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Сол арқылы табиғатты өзгертеді. Неміс ғалымы Александр Гумбольт «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөп қалады.» деп дәл айтқан. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.
Қазақстанда жасыл экономикаға көшу бағытын алды. 2017 жылы Астана қаласында халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Оның тақырыбы болашақтың энергиясы.

Y. Видео көрініс - миға шабуыл.
Мұғалімнің сөзі.
Бүгін сабақта Қазақстанның экологиясы, онымен тығыз байланысты табиғат туралы айттық.
Мета тапсырма:
«Табиғат – адамзатқа аманат»
Қалай түсінесіңдер?
Эвристикалық сұрақ:
1 топ: «Сен табиғатсың» - Сенің жағдайын қалай?
- «Сен білесің бе...» - Қазақстанның экологиялық аймақтары?
«Сен білесің бе?» деген тәсілмен Қазақстанның экологиялық аймақтарын айту керек.
2 топ: «Сен табиғатты жақсы көретін адамсың» - Табиғаттың жағдайын қалай жақсартасың, не істейсің?
- 2 топ: Табиғатты қорғаушы адамсыңдар. «Егер мен...» - Қазақстан экологиясына қалай көмектесесің? Жауабыңды «Егер мен...» тәсілімен (сөздерімен ) бастауын керек.
Бағалау: Жауаптың
- Өзектілігі – актуальность - 1 ұпай
- Жүйелілігі - Логичность - 1 ұпай
- Ерекшелігі - Оригинальность - 1 ұпай
- Өзіндігі - Самостоятельность - 1 ұпай
- Сауаттылығы - Грамотность - 1 ұпай
Барлығы: 5 ұпай
Топтар бір - бірін бағалау

YI. Үлгімен салыстыру
О, табиғат!
Тағдырымсың сен менің,
Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің.
Ауаң, суың, өсімдігің болмаса,
Дүниеде қалай өмір сүремін.
Құдіреті мол табиғат, мен саған,
Әрқашанда алғыспен бас иемін...

VII. Қорытындылау.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар кімді болса да толғандырды. Өйткені дүние жүзі бойынша экологиялық жағдайы жағынан Қазақстан 133 елдің ішінде 70 орында.
Еліміздің экологиясын жақсартуда ғылыми озық технологиясын өндіріске кеңінен енгізу, экологиясы таза энергия көздерін пайдалануға барынша көңіл бөлу т. б қажет.
Адамзат баласының алдында шешетін мәселелер бар.
Олар:
1. Әлемде бейбітшілік орнату.
2. Адамның сана - сезімін дамыту.
3. Табиғатты қорғау.

Жағдаят: Біздің «Лицей» журналында жаңа айдар ашылды «Экологиялық сауаттылық...»
Мақалада нетуралы жазар едің, «Құнды пікір» әдісін қолдан.

YIII. Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі.
Сабаққа қойған мақсатарына жеттіңдер ме?
Бүгін сабақта мен... білдім
Бүгін сабақта маған өте қызықты болды,...
Бүгін сабақта маған қиын болды,...
Бүгін сабақта менің жетістігім...
Бүгін сабақта мені... ойландырды.

IX. Оқушыларды бағалау.
Кесте толтыру

X. Үйге тапсырма
1. «Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау»,«Қазақстанның экологиясы мені қатты ойландырады» тақырыптарының бірін таңдап эссе жазу.
3. «Бір тал кессең, он тал ек» - қалай түсенесің?
4. Тақырып бойынша 10 мақал - мәтел жаттау

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермуханова З. А.
5 118
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру.
Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру.
Балқаш қаласы, Қоңырат қонысы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектептің технология пәні мұғалімі Қасатова Бақыт Төлеуханқызы
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×