Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп жаса, анашым!

25 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Балаларға көктем туралы, 8 - наурыз халықаралық аналар мейрамы туралы түсінік беру.
Мейрамы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: көктем мезгілінің құбылыстарын, сөздік қорын жетілдіру, ойын арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: отбасына, туыстарына деген мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.

Ұйымшылдыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам!
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы

Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты әжелер, қадірлі аналар, қонақтар, ару қыздарымыз мерекелеріңіз құтты болсын! Сәбилеріңіз сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын!
Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға келе жатыр балаларыңыз! Қол соғып қарсы алайық!
Ұл балалар музыка ырғағымен кіреді.
Жүргізуші: Балалар, ал қыздарымыз қайда?
Ұлдар: қыздарымыз?
Қыздарымыз кешігіп жатыр.- Рамазан
- Олар көйлектерін кигенше - Нұрдаулет
- Айнаға қарап сыланғанша - Алишер
- Шаштарын дұрыстағанша - Арсен
- Үнемі кешігіп жүреді. (Шулы музыка)- Абдуллаһ
Әне өздері де келе жатыр. – Едіге Жүргізуші: қараңдаршы біздің қыздарға, қандай әдемі, сұлу, көрікті, көктемнің қызыл қызғалдағындай құлпырып жайнап, жадырап кетіпті!
Ұлдар қыздарды қарсы алып, бас иіп, отырғызады.
Балалардың орындауында ән: «Көктем»

Ару көктем:
Сәлем, сәлем, балақайлар!
Әзиз әже, назды апайлар!
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар, алақайлап!
Құстар әнін ала келдім
Жерге кілем жаба келдім,
Жан бітіріп табиғатқа
Гүлдерімді ала келдім.
Тәрбиеші: қош келдің Ару көктем, төрлеп, балалардың өнерін тамашала.
Би: «өзбек биі»- С. Аиша, Медина, Айкерим, Айару
Сіздерге айтар тілек таусыла ма?
Мерекең құтты болсын асыл ана! Дей отырып, балалар сіздерге өлең шумақтарын арнайды:
Алибек:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Аяжан:
Ерлік еңбек атқарған
Еңбегімен мақтаған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам
Едіге:
Анам менің ақ анам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Жұрттың бәрі мақтаған
Әлижан:
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам
Ән: ««Анашым ана жаным» әні.
Дарина:
Мәпелейсің мені анам
Қолындағы құсындай
Құлпыра өсіп демалам
Құшағында қысылмай
Алишер:
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды
Сырт жақтан «Мама – мама» деген үн шығады.
Тәрбиеші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.
Қоянның қасына келіп: Әй қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп - әдемі!
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», - деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға: Қарқ, қарқ, бұл не айқай – шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет, қарға! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Барлығы шығып кетеді.
Сандуғаш:
Бәріңізде анасын
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Арсен:
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші наурызың
Қасымда бол әрқашан
Жансыз жарық жұлдызың.
Көктем: Көктемдей құлпырған қыздарымыздың «Гүлдер» биін қарсы алыңыздар.
«Гүлдер» биі, көбелек - Рустина, Сандуғаш, Аледина, Юлия, Валерия, Н. Айша, К. Айкерим, Аяжан, Дарина, Інжу
Юлия
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?,
Әлимансұр:
Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Рустина:
Жақсылықты көздеген
Сен өсірген балаға
Сүрінген кезде де
Сүйеу болған жан ана

Ойын: Аналар үйде қандай жұмыстар жасайды? Балалар көрсетеді, аналар табады.
«Көмекшілер» -
кір жуған,
ыдыс жуған,
еден жуған,
картоп аршыған,
бала жұбату
бояну,
Әйкерім:
Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де
Нұрдаулет
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Медина:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең

Ойын әжелермен «Нәзік сөздер» - 5 қадам алға жылжи отыра, нәзік сөздер айту.

Інжу:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Нұрасыл:
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқар сұлу бар ма екен?

Ән: «Қарлығаш»- Рамазан, Інжу, Абдуллаһ, Алишер,
Валерия
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Эмир:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын
Көктем: Ал, енді балалар ойын ойнайық
- Алелина, К. Айкерим, Юлия, Дарина, Ернат, Алдияр, Нұрбол, Алибек
Ойын: «Кім жылдам алмаға жетеді.»- үстел ортасында кәмпит 1, 5 метр лентаға байланған, кім бірінші алмаға жетеді.
Тәрбиеші: Тойдан алған тәттісін, үлестіріп беретін кім? – Әже. Біздің балаларымыз мерекелік құттықтау тақпақтарын ақ жаулықты әжелерімізге арнайды:
Аделина:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Тимур:
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Куантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Би: «Қыздарымызға арналады»- ұлдар биі

Аиша:
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем
Нұрбол:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ән: «Әжем мейірімді»
– Балалар сендердің әжелерін сендерді қалай еркелетеді?
Тәрбиеші: Мейірімнен жаралған жүректеріңізге құттықтау тақпақтары - мызды арнаймыз:
Ернат:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста ал анам
Ылғи менің қасымда
Н. Айша:
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
Абдуллаһ:
Анам менің ақ анам
Менсіз таңы атпаған
Менсіз күні батпаған
Мен ұйықтамай жатпаған
Би: « Ковбой»
К Айкерим:
Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін

Алдияр:
Теңбесі жоқ данасын
Арқа тұтар панасын
Еңбегінді ақтайын
Аман болшы анашым

Айару:
Тыным таппай күнімен
Ұйқы көрмей түнім
Бар ар тірлігін тындырып
Бірге ойнайды менімен.
Ән: «Анашым»- Н. Айшаның орындауында "Ел жатқанда жатпаған......
Рамазан:
Қамқоршы боп жүреді,
Мандайымнан сүйеді
Суға түсіп отқа да,
Бір мен үшін күйеді.
Ернар
Әлпештеген анасын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын

Көктем: Ақ жаулықтаы әжелер, аяулы аналар, әсем қыздар! Бүгін көктемнің бірінші мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Гүлдер сияқты құлпырып жүре беріңіздер, сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, әрқашан бақытты болыңыздар. Балалардың қызығына тоймаңыздар.

Ән «Аналар күні»
Ал енді балалардың кішкентай сіздерге арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Бүгінгі біздің «Көп жаса, анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталады. Ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналар сіздерді тағы мерекеңізбен құттықтаймыз! Балаларыңыздың қызығын көріп, гүлдей жайнап көркие беріңіздер!
1 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Қош келдіңіздер аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіздер! Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән сазды
Ана - тіршілік бақыты
Ана - тіршілік бақыты
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының І санатты ересектер тобының тәрбиешісі Шукирбаева Гулжан Аманкосовна
Кішкентай арулар
Кішкентай арулар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі Шенгелбаева Жанар
Айналайын, ақ Анам!
Айналайын, ақ Анам!
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×