Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» - тақырыбында тәрбие-дәріс сағаты

22 қаңтар 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» - тақырыбында тәрбие - дәріс сағаты.
Ақтөбе автожол колледжі
104 топ кураторы Салауатова Ж. Қ.
Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, татулық, достық, қамқорлық, мейрімділік адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар адамдардың өмірінде – отбасы, білім ордасы және қоғамда әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту.
Жүргізу барысы:
Саламатсыздар ма! Білім алушылар.
Парасат сөзін қалай түсінесіздер және парасат сөзі ұғымына тоқталып өтейік?!
Парасат – жеке тұлғаның қадір - қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Мысалы: Парасатты адам деп айтамыз, ол кім және қандай адам?
Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң - солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды.
Парасат - жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез - құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді.
Француз философы Г. Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі - парасат», — дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп - инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салиқалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Бір сөзбен айтсақ, Парасаттылық - адами қасиеттердің ең жоғарғы сатысы деп айтуға болады, ал адами қасиеттердің көркем болуы білім мен тәрбиенің еншісінде жатыр.
Парасаттылық туралы қанатты сөздер
Халқымызда «Тәрбие – тал бесіктен» деген мағналы сөзі бар. Баланы тәрбиелеу шынымен бесіктен басталады. Ол дүниеге келген сәттен бастап адам қоғамның бір бөлігіне айналады. Оның одан әрі дүниетанымы мен қоғамдағы мінез - құлқы оның отбасында, балабақшада, мектепте және университетте алатын барлық білімі мен тәжірибесі оған қаншалықты дұрыс берілетініне байланысты.
Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына
Қазақ даласы қай заман, ғасыр болмасын ұлы даналарды дүниеге әкелген. Ел үшін, дін үшін еңбек еткен ұлы тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі және бірегейі, әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл - Фараби. Қазақтың ойшыл – хәкімі ұлы Абай Құнанбаев, Дала ұстазы Ы. Алтынсарин, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы т. с. с
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата - бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы атамыздың ұлағатты сөздері мен өлең жолдары тәрбиенің төресін айқындай түседі.
Мен де адамның жаралған сүйек - еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен,
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен – деген Бауыржан Момышулы
Қай қоғам болмасын, қандай жағдай кездеспесін, ең әуелі тәртіптің алар орны ерекше екенін тайға таңба басқандай айтып - ақ кеткен. Осы бір қорғасын ойдың дәл қазіргі уақытта біздің ел үшін құны алтыннан да қымбат болып тұр
Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген, ашкөздікке, жемқорлыққа салынып арсыз әрекеттерге баратын азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқандар бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.
Қазақтың бала тәрбиесін Абай атамыздың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
  Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
  Бес асыл іс көнсеңіз – деген өлең жолдары адам баласын жақсылыққа жетелейтін және жамандыққа итермелейтін қасиеттерді айқын айтып көрсеткен.
Сергіту сәті: Кім тапқыр?
  ІІ. Мақал – мәтел
1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылына ақыл қос.
2. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
 3. Адалдық жүрген жерде,
  Адамдық жүред
4. Адалдық адамдықтың белгісі"
 5. Асылдың бірі – Адамгершілік
 6. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік
7. Адалдық ардың ісі
 8. Ақылдың алдыменен жүрАқымақтың артыменен жүр

 

8. Өтірік айтып жағынғанша
Шынынды айтып жалын
9. Ауыз ашса сыр көрінеді
Есік ашса төр көрінеді
10. Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
11 «Сөйлесе сөз әдепті»
  12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар.
Көрдіңіз бе, нағыз тәрбие төркіні тереңде жатқанын, осы халықтың дана сөздерінен аңғаруға болады. Көзі ашық, көкірегі ояу адам - мұндай мысалдардың астарында өмірлік тәжірибе мәні жатқанын түсінеді. Ендеше келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие беру ісі әркімнің өз тәрбиелік ісінен басталатынын ұмытпайық.
Себебі «Не ексең – соны орасың» деп, бекер айтылмаған.
адамзатты сұлулықпен, мансаппен, байлықпен, дүниемен өлшеуге болмайды. Адамзаттың өлшемі – оның руханиятында, оның тектілігінде, мәрттігінде, адами құндылығында», – деп бекер айтылмайды.
Парасаттылық – қоғамдағы саяси, сондай - ақ әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың негізі. Ол адалдық, әділдік, заңға құрмет, патриотизм сияқты құндылықтарды біріктіреді. Парасатты қоғамда азаматтар ережелерді өздері үшін емес, ортақ игілік үшін ұстанады, жеке емес, қоғамдық мүдделерге басымдық береді.
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу мен өз күш - жіге­рін ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда бірінші кезекте, қазіргі заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері, аза­маттық ұстанымы және қоғамға зиян келтіретін факторларға қарсы мінез - құ­лықтың орнықты дағдылары болуы тиіс. Бұл қасиеттер болмаса, бәсекеге қабілетті және дамыған мем­лекет құру оңай болмайды. Қазақстанның болашағын өркендететін білімді және парасатты жастар – Сіздер!
Назарларыңызға рахмет!


4 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке - отбасы тірегі
Әке - отбасы тірегі
Әке - ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке - бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі.
Адалдық пен адамдық
Адалдық пен адамдық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру. 1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Адалдық пен адамдық
Адалдық пен адамдық
Адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары.
Адалдық пен әділдік
Адалдық пен әділдік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. 1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
А. Г. Маклаков бойынша, жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен жеке адам, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды, өйткені тұлға болып ер жету үшін оң мен солын өзінің «менін» басқа мендерден ажырата білуі тиіс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×