Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жан шуағы (қайырымдылық концерт)

10 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жан шуағы» қайырымдылық концерті
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін Сугурбаева Камила мен Шапикова Аяулымға қолдау көрсетуге арналған «Жан шуағы» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

Жүргізуші: Сөз аудан --------------------------------------------- беріледі

Жүргізуші: Ханымдар мен мырзалар! Жанарларында қашанда мұң тұратын, аяушылықпен қараған адамға осы кісіден бір жақсылық болып қалар ма екен деген оймен, сана сезімінде жалынның ұшқыны лаулап үмітпен қараған, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған Камила мен Аяулымның өмірі жайлы бейнесюжетті ұсынамыз.

Жүргізуші: Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.
Номер: (Бақытты балалық шақ туралы ән)
Жүргізуші: «Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ---------------- сөз береміз
Номер

Жүргізуші: Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
Номер
Жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Өмірдің ащы дәмін ерте татқан қос бүлдіршін Камила мен Аяулымға қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар ортада тұрған қорапқа қаржылай көмек салуға болады.
Номер (салып жатқанда)
Жүргізуші: Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.
Номер
Жүргізуші: Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.
Номер
Жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
Номер
Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Номер
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Номер
Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған Камила мен Аяулымға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!
Номер
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.
56 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім - сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Г.Әжібаева
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Жайтакова Лаура Тулепкереевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің аға тәлімгері
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
Өмір теңіз
Өмір теңіз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×