Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағдаршам – біздің досымыз

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Барысы: І Кіріспе 1 - жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!
2 - жүргізуші
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға Сабағымыз басталсын сәлемменен!

ІІ Негізгі бөлім 1 - жүргізуші Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол - көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2 - жүргізуші
Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.
1 - жүргізуші Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
2 - жүргізуші
Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда «Жол жүру ережесін білу — бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағаты өткізуде. Ендеше, қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
- Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық. Жол инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
2 - жүргізуші
Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі тәрбие сағаты бәріміз үшін маңызды.
1 - жүргізуші - Бүгін 1 «Г» сынып оқушылары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.
2 - жүргізуші
«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!
1 - жүргізуші
Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.
2 - жүргізуші
2. Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі.
1 - жүргізуші
3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
2 - жүргізуші
4. Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады.
1 - жүргізуші
5. Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.
2 - жүргізуші
1 - сайысымызды бастайық.
1 - жүргізуші Ал сайысымызды бастамақ бұрын, жол инспекторы, әр дұрыс жауапқа 1 фишка-дан беріп бағалауға көмектесіңіз. Жол инспекторы: Әрине, көмектесемін. Мен ол фишкаларды қонақтар алдындағы әр топ қорапшасына салып тұрамын. Сайыс соңында қорытындысын қонақтардың хабар - лауын сұраймыз. Іске сәт!
1 - жүргізуші 1 - сайыс: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді. «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
2 - жүргізуші 2 - сайысымызда Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі. Жол инспекторы: Ескертемін! Қол көтермей, рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.
1 - сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 - сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 - сұрақ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген дұрыс.) Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.
1 - жұмбақ: Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2 - жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
3 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
Жол инспекторы: Келесі сұрақ: реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.)
2 - сұрақ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі» арқылы).
3 - сұрақ: Жолды кесіп өту ережелерін атаңыздар. (жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қарап алып, жақын маңда машина жоқ болса, 1 - жол ортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек. )
1 - жүргізуші: 3 - сайыста жол белгілерін еске түсіру, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру, қағазға желімдеу. (жол инспекторы әр топқа тапсырмаларын таратады.)
2 - жүргізуші: ортаға оқушыларды шақырайық.
1 - оқушы Нұртаза Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
2 - оқушы: Алма
Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
3 - оқушы: Гүлназ
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң.
Мойының сол жақтан оң жаққа.
Жол инспекторы: Топ тапсырмаларының жұмысын қонақтарға апарады.
1 - жүргізуші: 4 - сайысымыз: Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.
2 - жүргізуші: Соңғы сайыс: Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.

ІІІ Қорытынды
1 - жүргізуші:
Сөз кезегі қонақтарда.
4 - оқушы: Аян
Мен білем, бәрін мен - деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.
5 - оқушы: Ұлан Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.
6 - оқушы: Гүлназ Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
7 - оқушы: Айжан Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Жол инспекторы: Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.
1 - жүргізуші Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.
2 - жүргізуші Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!
1 - жүргізуші Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесіде кездескенше қош, сау болыңыздар!
41 041
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жол жүру ережесін білесің бе?
Жол жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Абайлаңдар, балалар!
Абайлаңдар, балалар!
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×