Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауы (Студенттермен кездесу кеші)

Мақсаты:
Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көрсету.
Түрі: Осы мектептің бұрынғы түлектері, қазіргі студенттермен кездесу кеші.
Жоспар:
1. Концерттік бағдарлама
2. Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын
3. Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары

Қонақ кәде
1 - жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары!
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймын.

2 - жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Студенттерді шақырамыз ортаға

1 - жүргізуші:
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

2 - жүргізуші:
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.

1 - жүргізуші:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен шынардай биіктерде,
Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арналған шағын концертімізді бастаймыз

2 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сансаналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
10 б сынып оқушысы Талмағанбетов Бақытбергеннің орындауында «Қыздар - ай» әнін тамашалаңыздар

1 - жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып қуанышпен.

2 - жүргізуші:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.

1 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз.
Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.

Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан

2 - жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:

1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест

Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас уақиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?

1 - жүргізуші:
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт. Оқушыларға берілетін жағдай.

Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?

2 - жүргізуші:
Студенттерге берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?

Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.
Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
Айырмашылығы болса қандай?

Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.
Ортамызға отырған апайлардың студенттерге қояр сұрағы бар ма екен? Сұрақтарын тыңдап көрсек дейміз.
Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен? Тыңдайық

1 - жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,

Қатарыңның алды бол көшті бастар
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!

2 - жүргізуші:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!
47 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің мамандығым
Менің мамандығым
Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Студенттік өмір несімен қызық?
Студенттік өмір несімен қызық?
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәні оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Бүгінгі студент – ертеңгі маман
Бүгінгі студент – ертеңгі маман
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Батырова Бибигуль Рахимовна
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×