Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсанда жанған алау

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты (4 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсанда жанған алау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға желтоқсан оқиғасы жөнінде әңгімелей отырып, оның құрбандарын еске түсіру, ойын түрлері арқылы І жарты жылдықта алған білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, саналылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: желтоқсан оқиғасынан суреттер, «Сәулелі жұлдыз» атты кітап, ұпайлар, буклеттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын
Түрі: білімді жүйелеу

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ кіріспе сөзден басталады: Қымбатты балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынның шарты мынадай: ойынға сыныбымыздағы жақсы оқитын 8 оқушы қатысады. Мына алдымызда тұрған «Сәулелі жұлдыз» атты кітап. Оның әр бетінде тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды дұрыс орындап ең көп ұпай жинаған оқушы сыныбымыздың «Сәулелі жұлдызы» атанады.

ІІ. Негізгі бөлім. Мұғалімнің сөзі: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай, балалар, сіздерге сәттілік тілеймін.
І бөлім. «Бәйге».
8 оқушы бетшеде тұрған 4 санның біреуін таңдайды. Екі - екіден.
1 - зат есім
2 - үй жануарлары
3 - сан есім
4 - жабайы аңдар
Сол таңдағаны бойынша тақырыпқа байланысты сөздер тауып, олардың қазақша - орысшасын айтады. Мысалы: доп - мяч, сиыр - корова, үш - три, қасқыр - волк, т. б.
Енді бұл оқушылар ойланғанша басқа оқушыларға сұрақ қояйық:
- Балалар, сендер қандай ұлтсыңдар? (қазақ)
- Ал, қазақ екендіктеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
- Иә, балалар, оны дәлелдейтін қазақ тіліміз, дініміз, салт - дәстүріміз, тарихымыз, тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміз бар екен. Ал, осы тәуелсіздікті біз қалай алдық?
Оқушылар өздері білетін желтоқсан оқиғасы және оның құрбандары туралы айтады.
- Жарайсыңдар балалар. Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтуде.
1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұдан 21 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы - Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата - бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

ІІ бөлім. «Көкпар»
8 оқушы теріс қаратылып қойылған сандардың ішінен қалағанын таңдайды. Сандардың артында пәндер жазылған.
Қазақ тілі ( 10 ұпай)
Құрмалас сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз: Мен аялдамаға келсем, Аян күтіп тұр екен. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасында жазуда көбінесе үтір, қос нүкте қойылады).
Ана тілі (10 ұпай)
«Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойұсынған пішінмен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді»,- деген жолдар кімнің шығармасынан алынған және шығарманың тақырыбы қандай? (Мұхтар Әуезов «Жетім»)
Математика (10 ұпай)
Теңдеу дегеніміз не? (Құрамында белгісізі бар теңдік)

Дүниетану (5 ұпай)
Ауа құрамындағы тіршілікке ең қажетті газ? (оттегі)

Еңбекке баулу ( 5 ұпай)
Ең жылдам әрі тез дайындалатын тағам? ( бутерброд)

Ән (5 ұпай)
Айтыс дегеніміз не? (Екі адамның немесе екі топтың бір - біріне қарама - қарсы өлең жолдары арқылы дауласуы)

Бейнелеу өнері (5 ұпай)
Пейзаж дегеніміз не? ( Табиғатты қағаз бетіне бейнелеуді пейзаж деп атайды)

Осы бөлімнен соң ұпайды ең аз жинаған 4 оқушы ойыннан шығады.

ІІІ бөлім. «Жұмбақ сұрақ»
Көрермендер сайыскер оқушыларға сұрақ қояды, сұраққа жауап берген соң ұпай санына қарай тағы 2 оқушы ойыннан шығады.

ІҮ бөлім. «Дода»
Қалған екі оқушы 1 минутта неше сұраққа дұрыс жауап береді?
1 оқушыға қойылатын сұрақтар:
1. Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл?
2. Қазақтың ұлттық аспабы. (домбыра)
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. ( Ы. Алтынсарин)
4. Желтоқсан оқиғасындағы қайсар қыз. ( Сәбира)
5. «Кітап» сөзінде неше әріп бар? (5)
6. Әнұранымыздың сөзін жазған кім? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
7. Қазақтың әйгілі билері нешеу? (3)
8. 2013жыл қазақша жыл қайыру бойынша қандай жыл? (жылан)
9. Туымыздың түсі қандай? (көгілдір)
10. Тәуелсіздік монументінде не бейнеленген?
11. Сөйлемнің енше түрі бар?
12. «Ана» сөзіндегі дауыссыз дыбысты ата. (н)
13. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
14. Елордамыз қай қала? (Астана)
15. Ең терең көл? (Байкал)

2 оқушыға қойылатын сұрақтар:
1. Егемендігімізді қай жылы алдық? (1991 жылы)
2. Адам үндес музыкалық аспап? (қобыз)
3. Қырдың жас түлегі кім? (Ш. Уәлиханов)
4. Желтоқсан оқиғасындағы қайсар ұл? (Қ. Рысқұлбеков)
5. «Жусан» сөзінде неше дыбыс бар? (5)
6. Әнұранымыздың әнін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов)
7. Абайдың шын аты? (Ибраһим)
8. 2012 жыл қазақша жыл қайыру бойынша қандай жыл болды? (қоян)
9. Республикамыздың тұңғыш президенті? (Н. Назарбаев)
10. Республикамыздың рәміздері? (елтаңба, әнұран, ту)
11. 100 жылды не дейміз? (ғасыр)
12. Ең киелі құс? (аққу)
13. «Жол» сөзіндегі дауысты дыбыс? (о)
14. Ауа құрамындағы тіршілікке ең қажетті газ? (оттегі)
15. 24 сағат қалай аталады? (тәулік)

Ү бөлім. «Текетірес»
Екі оқушы «Желтоқсан - мақтаныш», «Желтоқсан - қасірет» деген екі тақырыпты таңдап алып сол тақырып төңірегінде өз ойларын, пікірлерін дәлелдейді.
Бұл екі оқушы ойланғанша басқа оқушылар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын» хормен орындайды.

Қорытынды: ойын соңында ұпайды көп жинаған оқушы жеңімпаз атанып, марапатталады. Талабың жана берсін, биікке шырқа, білімді, адал азамат бол:
Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол,- деп сабағымызды аяқтаймыз
8 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылыой Мұнай және Газ Технологиялық Колледжі Өндірістік оқу шебері: Исмагулова Анаргуль Топ кураторы: Қуандықова Самал
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×