Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кикілжіңнің денсаулыққа әсері (5 - 6 - сынып)

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Қатысатындар: 5 - 6 - сыныптар
Мақсаты: Кикілжіңнің туындау себептері, оның адам денсаулығына әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын алу туралы оқушылардың білімдерін тереңдету; Оқушыларды ситуациялық жағдайларды талдау арқылы саналы шешім қабылдауға үйрету;
Салауатты өмір сүруге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адамдармен жақсы қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгіме, сұрақ - жауап, рөлдік ойындар, психологиялық тренингтер
Түрі: психо - профилактикалық
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер
«Денсаулық - ауру мен дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, адамның дене, жан саулығы мен әлеуметтік толық амандық жағдайы», «Мейірімді күлкі, жақсы сөз - мәнді өмір негізі»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі(Кіріспе сөз)
ІІ. Психологиялық тренинг
ІІІ. Миға шабуыл(Сұрақ – жауап)
ІV. Ситуациялық жағдайлар(Рөлдік ойындар)
V. Валеологиялық тренинг
VI. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.
- Балалар, денсаулық мәселесі бүгінгі күнде күрделі мәселеге айналып отыр. Отбасының әлеуметтік жағдайы, аурулармен ауру, көңіл - күйдің мазасыздығы, түрлі жағдайларға оқушының нашар бейімделуі мәселенің сан қырлы екенін көрсетеді де, арнайы мамандар мен мұғалімдерден көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан денсаулығымызды сақтау, өз денсаулығымызды басқара білу, түрлі келіспеушіліктің алдын алу, кикілжіңнің туу себептері мен одан шығу жолдарын түсіну мақсатында «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» атты психо - профилактикалық сабақты ұйымдастырып отырмыз.

ІІ. Психологиялық тренинг.
- Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл - күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды баяу музыканың ырғағымен)
1 - кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.
2 - кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.
3 - кезең. Денемізді бос ұстап, өз - өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жағымды сәттерді еске алайық.
4 - кезең. Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.
- Балалар, ыңғайлы отырып, бір - бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан осылай көңіл - күйіміз көтеріңкі болсын.
- Балалар, енді кезекпен кезек барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:
Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.

ІІІ. Негізгі бөлім. Миға шабуыл.(Сұрақ – жауап)
- Балалар, адам баласына тілеп жатқан денсаулық сөзін кім қалай түсінеді? Денсаулық деген не?
- Кей жағдайларда көңіл - күйіміздің болмауына не себеп болады? Оның денсаулыққа әсері қандай?
- Балалар, кикілжің қандай жағдайда туындайды?
- Кикілжіңді қалай болдырмауға болады? Кикілжің болғанда көңіл - күй қалай өзгереді?

ІV. Ситуациялық жағдайлар.(Рөлдік ойындар)
Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады.(Ал балалар, осы кикілжіңнің себебін ойластырып, одан шығу жолын рөлге еніп көрсетіңдер. Оқушының дөрекілігіне, көңіл - күйіне, ұстамсыздығына, өз сезімін қадағалай алмауына, қарым - қатынасқа түсе алмайтынына мән беру қажет)
Психологтың пікірі: Кикілжіңді жағдай әр адамға әр түрлі әсер етеді. Кикілжің сөзіне психологиялық анықтама бере болсақ: конфликт психологиялық сөздікте былай аударылады. «Конфликт - латын сөзі - кикілжің. Мұның мағынасы - өткір эмоционалды ашу»
Кикілжің - ойы, мақсаты мен қалаулары, талабы, қызығушылығы әр түрлі немесе бірнеше адамдар арасындағы келіспеушілік. Ол мынадай болып бөлінеді:
1. Жеке бастың күйзелісі.
2. Екеуара кикілжің.
3. Топ арасындағы кикілжің.
Барлық жағдайда екі жақтың кикілжіңі әр түрлі себептен туады. Кей жағдайда кикілжіңнің өзі стреске әкеп соқтырады. Яғни, қорқыту, үркіту арқылы екінші адамды қысымға алып, әділетсіздік жасап отыр. Кімде - кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. Ұят деген адамның бойындағы адамшылдығы.
Қысым - өз ойын зорлықпен екінші адамға мойындату, бұйыра уысынан шығармау, екінші адамды толық бақылауына алу. Кикілжің кей жағдайларда стреске соқтырады дедік. Ал балалар, стресс деген сөзді естіген - де сендердің көз алдарыңа, ойларыңа не келеді?
Стрестік жағдайда болатын сезімдер: Қобалжу, қорқу, ауыру, ызалану, ашулану, әбігерге түсу, жек көру, уайымға салыну.
Стресс дегеніміз - жүйке жүйесінің зорығуы. Ашулану - адамның өзін меңгере алмауы / адреналиннің бөлінуі, оның әсері /, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, мейірімді адам не істесе де ақылмен, ойланып істейді.
Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір - біріне жылы сөз айтып келісімге келу - компромисс деп аталады.
Компромисс - бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ бір шешімді қабылдауы. Келісім - бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның біріге күш қосуы.
V. Валеологиялық тренинг:
1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап өзімізді сендіреміз.
2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.
3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.
VI. Қорытынды.
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Өзіңді сыйлағаның, денсаулығыңды сыйлағаның. Ғұмырыңды қысқартатын әсерлер - үрей, уайым, зарығу, жігерсіздік, күндеу, жек көру.
Мінеки, балалар, бүгін кикілжіңнің әсері денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін білдік. Әр жағдайда ақылмен ойлап, екінші жаққа қысым жасамауды, зорлық тудырмауды, ашу - ыза, жек көрушілікке жібермей шешуге адам баласының күші жетеді. Осы күшті пайдаланып, өзіңнің де өзгенің де денсаулығын ойлап, кикілжіңнің денсаулыққа әсерін түсініп шешім қабылдаған жөн. Әрқашан кикілжіңнен аулақ жүрейік, өйткені кикілжің адам денсаулығына зиян!
17 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептерін білу және алдын алуды үйрену. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсерін ұғындыру. Біріккен пәндік оқыту арқылы ағылшын тілінде тілді дамыту.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Кикілжіңнің денсаулыққа әсері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 161 Ынтымақ орта мектебінің Физика және математика пәні мұғалімі Сейтова Алма Пернебекқызы
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде денсаулық сақтау ортасын құру
Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде денсаулық сақтау ортасын құру
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі Арынова Гүлбану Серікқызы
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×