Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егемен елім ержетті

20 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Егемен елім ержетті»
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған ақын – жазушыларымыздың жыр - шашуларынан поэзиялық қойылым.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, ашық мәдени шара өткізу.
Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 20 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері, қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жолдауының проритеттерін үгіт насихаттау.

2. Тәрбиелік - дамытушылық мақсаты: Еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен
санасын ұрпақтан - ұрпаққа дәріптеп отыру; оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету; адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру; оқушының патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, алтын мұрамыз - жеріміз, еліміздің бейбітшілігі маңызды екенін есте үнемі сақтау; көпұлтты мемлекетіміздің ауызбіршілігін сақтау болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991 - 2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайд, үн қағаздар, буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа, туған жер туралы (пано) табиғат көріністері, 20 жетістік - 20жыл (баннер)

Тәрбие сағатының түрі: Салтанатты жиын, мерекелік құттықтау.
Қатынасушылар: Мектеп ұстаздары
Қонақтар, 10 - 11 сынып оқушылары.
Кешті ұйымдастырушы Айжан Қалелқызы
Жүргізушілер Талғат пен Ұлжан мектептің оқу озаттары.

Құрметті ұстаздар!
«Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша жиырмасыншы күні «Отан»тақырыбында Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған ақын - жазушыларымыздың жыр - шашуларынан Тәуелсіздік толғаныстарын ұсынбақшымыз.
Бүгінгі мәдени шараның мақсаты осынау мерекелі күні ұстаздарымызды құттықтай отырып, еліміздің 20 жылда жеткен жетістіктері туралы болашақ ұрпақтың, яғни, біздер есімізде мәңгі сақтап, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен санасын ұрпақтан - ұрпаққа дәріптеп отыру біздің қолымызда екендігін дәлелдемекпіз.
Бүгінгі 20 жылдық мерекеге арналған ақын - жазушыларымыздың тәуелсіздік толғаныстары сіздерге шығармашылық шабыт беріп, барша бастама - талпыныстарыңыз жемісті болсын деп тілейміз!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілейміз! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ж ү р г і з і л у б а р ы с ы.
Сарыарқа күйі орындалады.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Сіздерді Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Мемлекеттілік мерекесі бізге той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін керек....

1 - жүргізуші: Иә, Елбасымыз осылай деді. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын зердеге салу, оның тарих үшін қып - қысқа, бірақ біздің елдігіміз үшін байтақ шежіресінен тағылым алу бәрінен де маңызды екенін айтты. Міне, тәуелсіздіктің 20 жылдық табалдырығын санаулы сағаттардан кейін аттағалы тұрмыз.

2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл бойына білім орындарында, тәрбие, сынып сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу – әр ұрпақтың міндеті деп ерекше тапсырма берген.
1 - жүргізуші: Осыдан 19 күн бұрын, яғни, 26 қараша күні мемлекетіміздің мерейлі мерекесін атап өтуге байланысты «Тәуелсіздік шежіресі» айдарымен жұлдызды жиырма күн жарияланған болатын. Осыған орай біздің мектебімізде де әртүрлі іс - шаралар өткізілді.

Құрметті ұстаздар!
«Тәуелсіздік шежіресі» айдары бойынша жиырмасыншы күні «Отан»тақырыбында Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған ақын - жазушыларымыздың жыр - шашуларынан Тәуелсіздік толғаныстарын ұсынбақшымыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мәдени шараның мақсаты осынау мерекелі күні ұстаздарымызды құттықтай отырып, еліміздің 20 жылда жеткен жетістіктері туралы болашақ ұрпақтың, яғни, біздер есімізде мәңгі сақтап, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен санасын ұрпақтан - ұрпаққа дәріптеп отыру біздің қолымызда екендігін дәлелдемекпіз.

1 - жүргізуші: Бүгінгі 20 жылдық мерекеге арналған ақын - жазушыларымыздың тәуелсіздік толғаныстары сіздерге шығармашылық шабыт беріп, барша бастама - талпыныстарыңыз жемісті болсын деп тілейміз!

2 - жүргізуші: Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілейміз! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Фонфары
(10 - 11 сынып оқушылары, мектеп мақтаныштары ортаға шығады)

1 - жүргізуші 1991 жылы Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991жыл алтын әріптермен жазылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

1 - оқушы Абзал Сүйінші! Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ жері азат, ХОРМЕН
Қазақ ері азат,
Қазақ елі азат.
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Абзалдың сүйінші өлеңінен кейін Республикалық «Айгөлек» конкурсының жүлдегері 7 сынып оқушысы Жұлдыз Абылгазина салтанатты жиынды «Шаттық» биімен ашты.

2 - жүргізуші: Осыдан жиырма жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет пайда болды.

1 - жүргізуші: Ол жаңа мемлекет біздің мемлекетіміз...
Кім қызықтап, мақтан етпес бұл жерді,
Бақытыңа қуан, қазақ баласы!
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз –
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Хормен: Қазақстан! Қазақстан! Қазақстан!

1 - оқушы: Ернұр Біз қазақстандықтармыз және мұны үлкен мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан - ұрпаққа табыстайтын боламыз!
Көнеден атам көк түрік,
Сайраған тарих - жолдарым.
Аңыз ғып айтар төктіріп,
Куәм - жер, аспан, жондарым!

2 - оқушы: Нұрым:
Сарнатып Қорқыт қобызын
Желмаясымен жортқан жер
Абыздың тыңдап аңызын
Алып жон балық жортқан жер

3 - оқушы: Манат:
Арманда боздақ аһ ұрып,
Айқаста қаны бөккен жер,
Хан Кене ашу шақырып,
Махамбет шерін төккен жер.

4 - оқушы: Сұлтан:
Құрманғазы сарындап,
Ыбырай мектеп ашқан жер.
Амангелді арындап,
Сұқ көздер бұғып сасқан жер.

2 - жүргізуші: Оның халқы ежелден еркіндік аңсаған, Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан мына дархан даланың төсін қанымен, терімен суарған.
Ол қандай халық? Қандай ел?
Хормен: Қазақ елі, Қазақ халқы!

5 - оқушы: Айгерім
Жат жұрттар десе қай елсіз!
Қазақпын деп айта алам!
Тәуелсіздікке қол жеткен,
Азатпын деп айта алам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×