Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шұбар тіл, сенің күйігің....

20 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тіл - достықтың кепілі» тіл айлығы
«Шұбар тіл, сенің күйігің...» тақырыбында өткен пікірсайысқа қатынасушы 10 - 11 сынып оқушылары ұстаздарымен бірге.

Тақырыбы: «Шұбар тіл, сенің күйігің...»
Мақсаты:
1. Шешендік өнер, өз ойын нақты, анық жеткізе білуге жету.
2. Мәдениетті сөйлей білуге, тыңдай білуге жету
3. Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Өтілу әдісі: Өкілетті білім беру әдісі
Өтілу түрі: ОЙ – Пікір – Ұсыныс
Қатынасушылар: 10 - 11 сынып оқушылары

Жоспар
1. Кіріспе сөз
2. І бөлім Ой қозғау «Деген екен...»
ІІ бөлім Пікір «Үйренетін үрдіс»
ІІІ бөлім Ұсыныс «Тиімді жол»
3. Ана тілінің аманаты
4. Көрермендер ұсынысы
5. Үндеу қабылдау
6. Қорытындылау

Кіріспе сөз.
Ағылшын тілі мұғалімі А. К. Мукышева
Қош келдіңіздер! Құрметті Ұстаздар! Оқушылар!
1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алысымен қазақ тілімізде мемлекеттік тіл мәртебесін алған болатын.
2001 жылы тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ұсынылып, елімізде осы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді.

Биылғы жылы үкімет 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын ұсынып отыр. Қазіргі уақытта Республикамыздың барлық ақпарат беттерінде, әр түрлі қоғамдық ұйымдар мен білім беру ордаларында осы жобаға байланысты талдаулар, тіл айлықтары, тіл апталықтары өткізіліп жатыр. Осыған орай мектебіміздегі «Тағылым» тәрбие беру бағдарламасы бойынша «Ұлылар ұлағаты» бағытында, Өкілетті білім беру әдісінде, 10 - 11 сынып оқушылары арасында Ой – Пікір - Ұсыныс отырысын өткізгелі отырмыз.

Өкілетті білім беру әдісі арнайы ереже бойынша жүргізіледі
1. Сәлемдесу, танысу
2. Бірін - бірі тыңдау
3. Сын айтылмайды
4. Анық, нақты деректер айту
5. Қысқа, түсінікті айту
6. Сөзді бөлмеу

І бөлім «Деген екен...» айдарымен ой қозғаудан басталып, ІІ бөлімде «Үйренетін үрдіс» айдарымен өз пікірін айтады және ІІІ бөлімде «Тиімді жол» айдарымен тілді үйрену жолдарын ұсынады. Интерактивті тақта бетінде «ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР – ТІЛ ТУРАЛЫ» тақырыбында бірнеше ұлылардың тіл туралы айтқан сөздері берілген. Әр оқушы өзіне ұнағанын таңдап алып, мәнерлеп оқиды және өз пікірін айта отырып ұсыныс жасайды..

ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР – ТІЛ ТУРАЛЫ
… Елде бірлік болуы үшін – халқы бір тілде – мемлекеттік тілде сөйлеп, жазуы керек. Көп тілде сөйлейтін, көп дінге сенетін мемлекеттің ішіндегі тыныштық пен тұрақтылыққа түбінде кепілдік те жоқ. Оған кешегі Хазария сияқты өркендеп тұрып, жер бетінен жоғалған мемлекеттің мысалы жетеді…

Ұлықбек Есдәулет
Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.

Р. Эмерсон
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір - қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.

Көрінеді тілден түйсік білім де,
Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.
Жүсіп Баласағұн.

Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл.
Шоқан Уәлиханов.

Тіл өнері дертпен тең.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Абай.

Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.
К. Гельвеций.

Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз.
Л. Толстой.

Француз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.
Қазақ тілі – шығыстың француз тілі.
В. Радлов

Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А. Брем.

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
... Тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлы.

Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе, өз халқына қызмет ете алмайды.
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді түсіну мүмкін емес.

... Орыстың білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу – дұрыс та, кәпірлігін, мақтаншақтығын, рақымсыз, қызықшыл, қалташыл, антшыл «суық» шенеуніктігіне еліктеу, ақсүйек болуға, салтанат түзеуге, тұрмысын, жүрісін, үй - ішін жат түрге салып, қазақтан қашыртуға еліктеу – үлкен мін, кемшілік.

Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт – күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар… олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі… Балаға бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.
Жүсіпбек Аймауытов.

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі құри бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін – не бардың!
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!
Мағжан Жұмабаев.

Тілді бұзбай ұстарту, байыту – ақындардың мойнына артылған зор борыш.
Тілге кірген жат сөздер – сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге жетуі мүмкін. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян келеді.
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесе – бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесе – бұл күйініш.
Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады.
Халел Досмұхамедов.

Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.

… Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр уақытта жаңа сөздер пайда болады, кейбір сөздер пайдаланудан шығып қалып отырады. Сонымен қатар өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болатын сөздер де кездеседі. Бұл – барлық тіл атаулыға тән құбылыс.
Мұстафа Шоқай.

Бір тілді білген – бір адам, екі тілді білген – екі адам.
Ана тіліңді біл, орыс тілін де және басқа тілдерді де біл, игер. Көп тілді меңгеру – мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне көтерілудің жолы, азаматтық саналылықтың, естіліктің, парасаттылықтың белгісі.
Құдайберген Жұбанов.

Мектеп директоры Нәзигүл Ешенғазықызы Мәсәлімова
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Жуанышев

«Тіл – достықтың кепілі» айлығында өткізілген іс - шараларға қатынасып, өз бағаларын беріп отырды.

11 сынып оқушысы Назаров Қуаныш
… Елде бірлік болуы үшін – халқы бір тілде – мемлекеттік тілде сөйлеп, жазуы керек. Көп тілде сөйлейтін, көп дінге сенетін мемлекеттің ішіндегі тыныштық пен тұрақтылыққа түбінде кепілдік те жоқ. Оған кешегі Хазария сияқты өркендеп тұрып, жер бетінен жоғалған мемлекеттің мысалы жетеді…деген ақын Ұлықбек Есдәулеттің сөзімен ой қозғады.

Қазақ тілі мен мәдениеті – біздің мемлекеттілігіміздегі тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан қазақ тілі мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты болмақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі әтеш
Екі әтеш
Ертеде бір кемпір - шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып - қағыпты.
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып – ұрып жара алмапты.
Тілімді тереңдетем десең...
Тілімді тереңдетем десең...
Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×