Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

01 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы.
Мақсаты: а) ер балаларды ата бабамыздың салт - дәстүрімен таныстыру;
Ә) балаларды елін, жерін, тілін өз дәстүрін білуге тәрбиелеу;
Б) ұлттық өнерге, ән күйге, биге құмар етіп тәрбиелеу;
В) парасаттылыққа, имандылыққа, мейірімділікке баулу;
Г) денсаулығы зор, сымбатты, елін, жерін қорғайтын білімді де білекті нағыз Қазақстан патриотын тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, плакат
Өткізу орны: акт залы.
Қатысушылар: 5 – 8 сынып оқушылары.

Сайыстың барысы.
1 - жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын - сауық басталады.
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
2 - жүргізуші:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері.
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар.
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері
Халқына қалқан болған қаһармандар – деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
1 - жүргізуші:
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» - демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса жігіттеріміздің өнерлерін, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Ата - жолын жалғайық
Ел дәстүрін қолдайық
Ұлдар шықсын ортаға.
Бүгінгі сайыста сұлтан аттанбақ!
1 - жүргізуші.
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
6-шы сыныптың ер жігіті
Шақырайық ортамызға
Диас ұлды.
2 - жүргізуші.
Қызық болсын көргенің
Жана берсін еңбегін.
Мәнді болсын өмірін
Шалқи берсін көңілін! деп келесі жігіт 5 – ші сынып оқушысы Карим Аулиехан.
1 - жүргізуші.
Спортпенен білім жағын бір қосқан.
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңыздар Айдос жігіт ортада тұр
Тауды озар шын кіріссе намыстан.
2 - жүргізуші.
Өмір сені не қиынға салса да.
Сүйкімді бол
Ата – анаңа баршаға
Еліміздің құрметті ұлы бол
Жасың жүзге жеткенше шаршама – ортаға Нуралин Асхатты шақырамыз.
1 - жүргізуші.
Біледі ол жақсы менен жаманды.
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақырайық ортаға.
Әділхан атты жігіт болған сарбазды.
2 - жүргізуші.
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
● «Таныстырсам өзімді» - таныстыру.
● «Бәйге».
● «Шебердің қолы ортақ»
● «Сегіз қырлы, бір сырлы»
● «Жинап көр»
● «Би жарыс»
● «Бата беру»
1 - жүргізуші.
Той басталды, той басталды.
Қолға сырнай алайық.
Кел шырқайық «Тойбастарды».
Қоштап кетсін халайық! деп кезекті «Келіншек күй» ән шашуымен ортаға 6 - сынып оқушысы Ульбаева Аружанды шақырамыз.
2 - жүргізуші.
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйірік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- деп енді осы жігіттердің өнерін бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырайық:

1 - жүргізуші. 1 - сайыс «Таныстырсам өзімді».
Ей, такәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы – деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстырсам өзімді». Сонымен бірінші жігітті шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Дүниеде қымбат қой әке деген
Баласын аялаған, мәпелеген.
Мен бүгін әкеге арнап ән саламын – «Әке туралы ой» әнімен ортаға 6 - сынып оқушысы Макатова Айжанды шақырамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×