Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!

22 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан - Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту.
Типі: баяндама
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), тақырып желісі бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Жоспары: I. Ұйымдастыру
Кіріспе сөз
II. Негізгі бөлім.
А) Желтоқсан көтерілісінің себебі.
Б) Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны
В) Желтоқсанның ашылмаған шындығы
Г) Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қандай үкім шығарылды?
Д) Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестеріміз.( қысқышы өмірбаяндары туралы)
Е) Тәуелсіздік шежіресі.
III. Қорытынды.
«Желтоқсан желі ызғарлы» әнінің бейнеклипі

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.
(Студенттердің сабаққа қатысуын, аудитория тазалығын, дайындығын тексеру).
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.

II. Негізгі бөлім.
Желтоқсан көтерілісінің себебі:
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д. Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В. Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек - легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа - өз көсемі!»,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны: Желтоқсан оқиғасы Алматыдағы Брежнев ( қазіргі Республика) алаңында басталып, ары қарай Тараз, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Павлодар, Арқалық қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде толқу болып өтті. Оларға 2, 5 мыңнан астам адам қатысып, 281 – і ұсталып 20 астамы түрлі мерзімге сотталды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны ұшін ұсталғандардың саны - 8500. 2401 уақытша қамау орындарына жіберіліп, сыймағандарын қала сыртына апарып тастаған. Оның ішінде медициналық көмек алғандар - 1383, ал ауруханаға түскені - 369 адам. 1720 адам жарақат алған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 294
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
16 - желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі тарих пәні мұғалімі Беккужина Райгүл Жұмашқызы
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×