Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, Әліппе!

22 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош бол, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, мұғалімдерге,
ата – аналарына өнерлерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Қош бол, Әліппе» тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер, буклеттер, Мақта қыз бен мысық ертегісінен көрініске қажетті бет перделер, техникалық құралдар.
Өтілу барысы:
Безендірілген залда музыка ойналып тұрады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Аяулыда, ардақты ата – аналар! Қымбатты оқушылар! Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз өйткені, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ән – бимен өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік. Бұл той балаларыңыздың тұсаукесер тойы іспеттес бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман – есен асып өткен тойы. Тойларыңыз тойға ұлассын! Балаларыңыз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

1 – жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, 1 – сынып оқушыларының «Қош бол, Әліппе» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе»

1 – жүргізуші: Бұл кітап – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
2 – жүргізуші: Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Сондықтан әліппемен қоштасу мерекесіне қатысушы баларды ортаға шақырайық.
(Музыка ойналады, балалар залға кіреді, өздерін таныстырады.)

Дарасы болар даланың,
Дінмұхамбет деген баламын!
Сөйлеген сөзім тым тәтті,
Аружан деген қыздарың
Сіздерге арнап тіл қатты.
Досболмын оқулықпен достасқан,
Әліппемен қоштасқан.
Жанарыс деген баламын,
Есепті мен шағамын
Ай менен күні анамның,
Ақылдысы атамның
Мен Айсұлу боламын.
Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым Нұрдаулет
Жұмсағанда баратын
Айтқан тілді алатын
Мен боламын Диана
Жақсылықты жақтайтын
Бәрін біліп жаттайтын
Данияр жігіт мен болам.
Аруна қызбын кең маңдай
Әдемімін мен қандай
Менің атым Арсен,
Әдемімін көрсең.
Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Әсем
Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің атым Ерасыл
Би билеймін айнала,
Менің атым Ақерке
Сыныптың ең сұлуы
Айжұлдыз келді ортаңа
Асқар келді мінекей,
Жымиып әркез жүзім,
Ақылдымын сондай өзім.
Асылмұратпын дара бала,
Тұрамын ылғи даралана.
Нұрсұлтан деген баламын,
Өскенде президент боламын.
Апайыма қолғанат,
Менің атым Жанат.
Барлығы хормен: Армысыздар ата – ана,
Армысыздар ұстаздар
Болашаққа жол бастар
Балаларың келді ортаңа.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рахмет, саған Әліппе!
Рахмет, саған Әліппе!
Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Қош бол, құтты Әліппе
Қош бол, құтты Әліппе
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мустафина Ж. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×