Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық апатты аймақтар

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаратылыстану - гуманитарлық бағытындағы 10 сыныбында өткізген ашық сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық апатты аймақтар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік дұрыс қалыптасуына жағдай жасау
Міндеттері:
1. Еліміздің экологиясы нашар аймақтары бойынша танымдық түсініктерін кеңейту.
2. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
3Топта, жұпта жұмыс істету арқылы жауапкершіліктерін арттыру, ізденушілікке баулу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың формасы: жеке, жұппен, топпен.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздену, пікір алмасу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілмен, экологиямен.
Көрнекілігі: сөз басы, графикалық диктанттар парағы, бағалау парағы, тесттер.

Бағыт беру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Сабақтың барысы мен мақсатымен таныстыру.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Көкшетау» поэмасынан жаттауға берілген үзінді графикалық диктант бойынша тексеру.
ә) Жұпта тексеру, бағалау.
б) 1, 2 оқушыдан жатқа сұрау.

Іске асыру кезеңі:
1. Сөз басы - кіріспе: компьютерден ақын Омар Қаржау Айтолқынның «Экология» өлеңі тыңдалып, суреттер көрсетіледі:
"Экология" Бөтен сөз
Бір туғаның бірақ та
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта
Эко, эко - үй, Отан,
Ежелден - ақ грекше
Сөз патшасын ұнатам
Жүрегіме гүл ексе,
Бізше ғылым - логия
Тұтқасы бар әлемнің
Онсыз мекен, жоқ ұя,
Жоқ киесі өлеңнің
Өз үй өлең - төсегің
Табиғат боп қалады
Оған атқан кесегің
Өз басыңды жарады.
Кеудемізді ұрғылап,
"Бағын, табын, жер"дедік
Жер мен көкті бұрғылап,
Аралды да жерледік.
Табиғатты тонадық
Байлық үшін бір күндік
Жерді атомға мола ғып,
Кештеу, жалған күрсіндік.
Айта алдық па: Бұл сыйым
Ал, табиғат, саған!- деп
Құлқын көрмей бір тыйым
Жүрміз ылғи маған,- деп
Тепе - теңдік заңы бар
Табиғатта, адамдар,
Кім бұзса сол жануар
Ұқсағанмен адамға.
Өлең жолдарында не туралы айтылған?
Негізгі кезеңнің мақсатымен таныстыру.

2. Топ жұмысын қорғау. Алдын - ала берілген тапсырма бойынша үш топ экологиялық апатты аймақтар бойынша жобаларын қорғайды.

3. Сөздік жұмысы.«Тимполото» ойыны негізінде.
Бөген, бетбұрыс, құятын, шалшық, сынау.

4. Мәтінмен жұмыс(оқулықтағы ):
а) оқыту
ә) үш мәтіннен негізгі ойды тап
б) мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу

5. Пікірталас. Жергілікті ақын - жыршы Ш. Ділдебаевтың 70 - жылдық мерейтойына орай Сәтбаев қаласында өткен айтыстан үзінді оқу.
... Заңды ойлар қозғай алсақ заман жайлы,
Көңілім көп нәрсеге алаңдайды.
Сынақтардың алаңы Семей еді,
Сарқыншағы санамнан жоғалмайды.
Атандардың мекені абат дала,
Атомдардың ұясы бола алмайды.
Мұнайдың да мұңы бар сан ғасырлық,
Каспий қайғы қазаққа, Арал қайғы.
Бұл күнде Байқоңырды кім білмейді,
Ғарыштың орталығы ғаламға әйгі.
Сол жерден көкке кеме ұшырарда,
Қауіпті "протон" деп хабарлайды.
Алайда апат болып құлағанда,
Зиянсыз зымыран деп бәрі алдайды.
Ал, ғалымдар уәжін тыңдасаңыз,
Оның уы сан жылдар тарамайды.
Жүкті ана құрсағында жатқан сәби
У жұтса есті ұрпақ боп жаралмайды.
Геніне гептил сіңген азаматтар,
Беліне бес қаруын таға алмайды...
- Төлеген ақынның көтеріп отырған мәселесі қандай? Соңғы жолдарда қай өңір туралы айтқан?

Пікір таластыру:
1 - топ Сәтбаев қаласында экологиялық мәселе жоқ
2 - топ Сәтбаев қаласы экологиялық ластануда

Қорытынды кезеңі:
1. Тест жұмысы
1."Экология" сөзі қай тілден алынған?
А) француз В) неміс С) ағылшын Д) грек
2. Экология терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым.
А) У. Петти В) Э. Геккель С) Ч. Дарвин Д) В. Бартольд
3. "ҚР - ның азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті" деген жолдар қай заңнан алынған?
А) Білім туралы Заң С) Еңбек туралы Заң
В) Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң Д) Су клдексі
4. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс - шараға жатпайтыны
А) Қорықтар ашу В) Орманды кесу
С) "Қызыл кітап" шығару Д) Заңдар қабылдау
5. Қазақстандағы қорықтар саны
А) 9 В) 5 С) 7 Д) 10
6. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні
А) 16желтоқсан В) 25қазан
С) 5маусым Д) 1қаңтар
7. Экологиялық апатты аймақтар
А) Көкшетау, Астана В) Тараз, Шымкент
С) Арал, Балқаш С) Баянауыл, Қызылжар
8. Қазақстанның Швейцариясы
А) Алматы В) Баянауыл С) Маңғыстау Д) Көкшетау
9. Мақалды аяқта. Әркімнің өз жері -
А) алтын В) жұмақ С) бақыт Д) жақсы
10. Жерімізге тараған протоннан тарайтын химиялық зат
А) сынап В) аммонал С) газ Д) гептил
2. Бағалау кестесін қорыту

3. Сөз соңы:
Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер - суын қорғау бабаңның
Емес - пе еді басты ұраны?!
Үй тапсырмасы: Экологиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру.
19 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға экологиялық білім беру 2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Күләш Байсейітова
Күләш Байсейітова
"Сәтбаев қаласының №1 мектеп – гимназиясы"КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исанкулова Гулбану Галымжановна
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
"Сәтбаев қаласы, №1 мектеп - гимназиясы"КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исанкулова Г. Г
Аралдың ежелгі мәдениеті
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×