Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1986 жыл Желтоқсан құрбандарына арналған саяси сабақ.

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: 1986 жыл Желтоқсан құрбандарына арналған саяси сабақ.
Мақсаты: Оқушыларға 1986 жыл 16 желтоқсан қозғалысын жетік түсіндіру және сипаттамалар беру. Желтоқсан қозғалысының қозғаушы күштері. Бірнеше сатыларға бөліп түсіндіру ондағы жазалаушылар мен жазаланушылардың іс әрекеттері. Қорытынды жасау және қозғалыстың мақсаты мен маңызын көрсетіп беру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған ғылыми білімдерін, ой - ерісін, сөйлей білу қабілетін, т. б дамыту.
Тақырыптың тәрбиелік мәні: Отанын сүйе білуге, елін қорғауға, адамгершілікке, ерлікке, бейбітшілікке, ақыл - парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақты жабдықтау: қабырға газеттері, Тәуелсіздік күніне арналған саяси - әдеби еңбектер көрмесі. Оқушылардың жазған рефераттары. Қазақстан картасы мен рәміздері. Музыкалық сүйемелдеулер.
Сабақтың түрі: саяси, әдеби, музыкалық және сахналық көріністер. Сабақты 11 - сынып оқушылары қатысып жүргізеді.
Сабақ жоспары:
1. 1986 ж. Желтоқсан ДАҚПЫРТ және ШЫНДЫҚ жылы.
2. Желтоқсан оқиғасының қаһарлы да қасіретті үш күні.
Бір неше сатыларға бөлу.
3. Қорытынды.
Сыныпта музыка әуені естіліп тұрады.
Оқушы: Желтоқсан 1986 — халықтың жас ұрпағының ұлттық қозғалысы. Ол айдарына қарғыс таңбасы басылған М. Горбачевтың «Қайта құру» бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманасы екен деп алданған ұлттың жас өкілдері еді.
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн ішінде бір неше сатыдан өтеді.
Оқушы: Бірінші сатысы желтоқсанның 16 - нан 17 - сіне қараған түні Қазақ КССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша сол күні түні қаланың алты оқу орындарының және С. М. Киров зауытының 8 жатақханасында, театр көркем өнер институтының 12 студенті арандатуға бағытталған іріткі салу жұмыстарын жүргізеді. Олар жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар дайындап көшеге алып шықты.
Ол бір түнде болған әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноград) неміс автономиясына қарсы өткерілген акцияны еріксіз көз алдына әкеледі. Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын.
Оқушы: Көтерілістің екінші сатысы желтоқсанның 17 - сі сағат 7 - 8 ден 18 сағатқа дейінгі кезең. Бұл 200 - 300 адамның митингіден мыңдаған адам қатысқан наразылық демонстрациясы. Шеру демонстранттар мен комсомол партия басшыларының жоғары оқу орындарының ректорлары мен декандарының билік әміршіл күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл командалық жүйе мен жас балғын демократияның бетпе - бет бейбіт жүздесу сәті.
Оқушы: Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларға зерттеушілер әр түрлі көз қарастар білдіреді. Осы бір жүйе мен көтерілісшілер бетпе - бет келген сәтте тепе - тең диалог болмау себебін жастарға артушылық жиі кездеседі, шындағанда билеуші топ алаңға шығушылармен біріншіден өздерін тең санаған жоқ. Жастарды экстремисттер деп қарады. Екіншіден, диалогқа бетпе - бет кездескен екі жақ екі тілде сөйлесті. Билеуші жақ жастарды Алаңнан таратып тәртіпсіздікті тез жоюды көздеді. Ал көтерілісшілер Орталықты ұлы державалық өктемдіктен жүргізіп отырған саясатты қайта қарауды талап етті.
Оқушы: Ендеше диалог болуы мүмкін емес еді. Комиссия төрағасы М. Шаханов өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы былай деп түйіндейді:
Тарихта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған жағдайда да екі жақтың ақылды, өрелі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып тарқасқан мысалдар аз емес. Алысқа бармай - ақ өзіміздің дана билер көсем хандардың кене көз қарттардың басуымен талай дау - дамай бейбіт жолмен шешіліп келгенін еске алсақ та жеткілікті. Сондықтан желтоқсан оқиғасын да ұшықтырмай шешуге болар еді.
Оқушы: Желтоқсан оқиғасының үшінші сатысы - бұл баррикаданың екі жағындағы күштердің арбасудан алысуға, текетіресте сүзісуге, жұлысуға ұласуы қозғалыстың бунтастихиялық көтеріліске айналу сәті, жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі.
Бұл 17 желтоқсанның 18 сағатынан 18 желтоқсанның күні болған 3 штурм 20-дан аса қарулы күштің саперлік шағын күректерімен, темір шыбықтарымен алаңдағы бейбіт халықты дүрелеуі, жастардың айбат шегуі, көше тастарымен, қабырғаға жапсырылған мрамор тастарымен, таяқпен қорғаныс жасауынан тұрады.
Оқушы: Жазалаушылар қатарынан 7% қазақ. Ал ішкі істер әскерінің милиционерлерінің саналы тобы жастар жағында болды. Жастарды автобусқа мінгізіп алып бара жатқанда да қазақ милиционерлері жастарды шығарып жіберген. Жастар арасында арандатушы жансыздар да көп болды. Қызған жастардың кейбір тобы жатақханаларды басып кіріп жастарды көшеге күшпен шығарды. Жазалаушылар көшеде келе жатқан жастарды да күшпен ұстап алып қамап тастады. Оларды жазалайтын, не айыптайтын пункттерге тапсырды.
Ұлттық белгімен адамдарды аулау етек алғанын Қазақ КСР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы генерал Мирошник кейін мойындайды.
Оқушы: Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын. Жұртшылық Г. В. Колбиннің сайлануына риза еместігін білдірді, өз алдарына Д. А. Қонаевты шығаруды талап етті. Өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайын, тұрғын үй алудың жұмысқа тұрудың қиындықтарын, ана тілінің қолдану ауқымының тарылып бара жатқанын айтып, реніштерін білдірді. Адамдар қолдарына Ленин портретін ұстап халық әндерін айтып қарусыз жүрді. Басқа халықтарға қарсылық байқалмады. Мемлекеттік құрылысқа қарсы әрекеттер болмаған.
Оқушы: Алаңды қоршап алып ешкімді шығармай, ұстауға бұйрық беріледі. Алаңға бет алған демонстранттардың жаңа топтары қоршауды бұзып кіріп қақтығысулар басталады. Қоршау ішіндегілер сырттан келгендерге жәрдем береді. Олардың арасында: Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбеков, т. б. қыршыннан қиылған жастар бар еді. Ішкі істер министрі Власов КОКП ОРТ Комитетінің Саяси бюросының келісімімен Алматыға еліміздің 8 қаласынан ішкі әскерлердің арнаулы бөлімдерін әкелуге бұйрық береді.
Оқушы: Жазалаушылар көтерілісті жаншуға ұластырды, авантюраны өздері қолдан жасады да, оларды жазалады.
Сахналандырылған көрініс.
Ләзаттың анасына телеграмма келеді. Онда қызының әл үстінде жатқаны хабарланады. Біраздан соң өлгені жайлы хабарланады. (Көрініс).

«Қарабауыр қасқалдақ» әні орындалады.
Оқушы: Қайрат Рысқұлбеков жайлы айтады.
Мұрты жаңа тебіндеп, өмірге жігіт көзбен үңіліп айналасына мейірім шуақ болып тарап, еңсе көтере берген балғын шағында темір қолдардың жазықсыз құрбаны боп кете барған Қайрат Рысқұлбеков арамызда тірі жүргенде, күндердің күнінде арқалы ақын атанар ма еді, атанбас па еді, кім білсін?! Бірақ ел алдындағы, туған халқы алдындағы азаматтық рухын төмен түсірмей, биік өреден табылған жәдігер жігіттердің бірі бола білді. Өмірде ажал барын, қатыгездік барын әлі сезіп үлгермеген балауса кезінде желтоқсанның үскірігі аяусыз қарып түсті.

Қайрат Рысқұлбековтың өлеңі оқылады.
АҚТЫҚ СӨЗ
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Аламын десең алындар!
Қайрат деген атым бap,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Мен келмеске кетермін,
Көрмеген қош бол, таңдарым
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол артымда
Ағайын туған азамат!
Артымда қалған ата - анам
Ел жұртым саған аманат!

«Желтоқсан желі» әнін орындалады.
Оқушы: Қозғалыс - демонстрация, манифестация, бейбіт диалог түрінде өрбіп, соңғы сәтінде көтеріліске ұласты, бес қаруы сай қарулы күштің иесі мен қаражүздіктердің әдісімен ешбір кінәсі жоқ жастардың қанын жосадай ағызды, сондықтан қозғалысты «Желтоқсан І986 көтерілісі» деп атаған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, желтоқсан қозғалысы ұлт азаттық тарихында ерекше орын алады, қ
Оқушы: Бұл ұлттық рухтың жаңғыру қайта түлеу кезеңінің басы еді. 1916 - 37 жж, қазақ халқы ұлт - азаттық қозғалысының сергелдең кезеңіне түсті. Маңдай алды өкілдері жойылды. Ұлт - азаттық қозғалысы өз қанымен тұншықты. Алайда халық өзінің жауынгерлік рухын жоғалтпады. I. Есенберлиннің «Көшпенділері», М. Әуезовтің «Абайы», С. Мұқановтың «Балуан шолағы», О. Сүлейменовтың «АЗиЯсы», М. Мағауиннің «Аласапыраны», Ә. Кекілбаевтың шығармалары, т. б. еңбектері жастарды оятты, ұлттық сана - сезімін қалыптастырды.
Оқушы: Шын мәнінде жас ұрпақ жаңаруды армандаған күрескер ұрпақ орыс халқына қарсы болған жоқ, олар ұлттық арын, бостандығын қорғады. Одақтың шеңберінде демократиялық жолмен шешуге шақырды. Осылай ұлт - азаттық қозғалыстың жаңа сатысы өрбіді. Бұл қозғалыс 1986 жылы Желтоқсан толқынымен Одақ көлемінде басталды да, Одақтың құлап, ыдырап республиканың Егемендігімен аяқталды.
Оқушы: Қозғалыс бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы өсірді. Ұлттық рухты жандандырды. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап еліміз бұл күнді Тәуелсіздік күні деп мерекелеп келеді.
Оқушы: Қазақстан болашақта 2030 жылға дейінгі аралықты Президентіміз Н. Ә. Назарбаев стратегияларынан Ұлттық қауіпсіздік, Саяси тұрақтылық, Қоғамның топтасуы, экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, әл - ауқаты, энергетика ресурстары, инфроқұрылым, көлік және байланыс кәсіби мемлекет салаларын іске асыру мақсаттарын қойып отыр.
Қорытынды:
Саяси сабақ қорытындысында сынып оқушыларыммен бірге «Қазағым менің» әні орындалады.
Мұғалім оқушыларға осы сабақты өткізуге үздік қатысқандары үшін өз алғысын білдіріп, оқуда озат, аңсаған армандарына жете берулеріне тілек білдіреді. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Ал, енді мен ақыл айтам» әнін домбырамен орындайды.
Сабақта қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. А. Бокев «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» Алматы, 1992ж.
2. М. Шаханов «Алматы. 1986 жылғы желтоқсан аңыз бен шындық» Алматы, 1991 ж
3. Н. Ә. Назарбаев еңбектері.
4. Журналдар: «Жұлдыз» 12. 1989 ж, «Қазақ тарихы» №3, 4 1996 - 97 ж.
3 422
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
О, кең дала! Ен қызыққа батқаның Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның. Халқымыздың қуанышын молайтқан Егемендік сенің алып жатқаның.
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×