Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сайыс сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақсаты: 1. Оқушылардың оқу материалын жинақтап бекіту, санасына тез ұғындыру, ойлау қабілетін дамытумен қатар тарихи терминдерді есте қалдыру.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру
3. Отанын сүюге, тарихты құрметтеп, ардақтауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
І. Кіріспе
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озып,
Құрметке ие болсын.- деген өлең жолдарымен ашу.
/Сайысқа қатысушылармен таныстыру/
6 «а» сынып
6 «ә» сынып
6 «б» сынып

Жүргізуші:
- Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін дарындардың әділ сына./Әділқазы мүшелерімен таныстыру/

Сайыс шарттарымен таныстыру:
1. Топтардың таныстыруы
2. «Сиқырлы сөз» Тақтаға кез - келген әріп жапсырылады. Сол әріптен келетін тарихи терминдер айтады.
3. «Өткел» деңгейлік тапсырмалар.
4. «Қанатты сөз» Криптограмма
5. «Шарықтау» жанкүйерлер сайысы
6. «Арнайы репортаж» Топтар бір - бірінен тарихи оқиға, аңыздарды айтып беру сұрағын қояды.
7. «Сәйкесін тап» Сәйкестендіру тесті.
8. «Шарықтау» жанкүйерлер сайысы

ІІ. Негізгі бөлім
1. Топтардың таныстыруы. /Эмблемаларын қорғау/
2. «Сиқырлы сөз» А. Б. С. П. К. М. Т әріптерін таңдау.
3. «Өткел»
20 балдық сұрақ: Неандертальдық баланың сүйегі қай жылы, қай жерден табылды? Ж: 1938 ж. Өзбекстанда Тесіктас үңгірі
20 балдық сұрақ: Сақ қоғамы кімдерден тұрды? Ж: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.
30 балдық сұрақ: Сақ қолбасшысы Спитамен кімдерге қарсы соғысты? Ж: Александр Македонский
30 балдық сұрақ: Египетте жаулап алу соғыстарын кең көлемде жүргізген кім? Ж: ІІІ Тутмос
40 балдық сұрақ: Неолит дәуірінде Жезқазған өңірінен 150 – ге жуық тұрақ пен жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындары ненің куәсі? Ж: өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығын.
40 балдық сұрақ: Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций қай жылдары өмір сүрді? Ж: б. з. д. 551 - б. з. д 479 жж.
50 балдық сұрақ: «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі...» деп кім; кім туралы айтты?
50 балдық сұрақ: «Дүние екі нәрседен – жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірде осы екеуі қатар әрекет етеді. Адам жақсылықтың көбейе түсуіне, жамандықтың жеңілуіне көмектесуі керек», деп уағыздаған кім? Ж: Кушандық Мани.
4. «Сиқырлы сөз» Криптограмма.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Үздік математика
Үздік математика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар
Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М.О.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базаркүл Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы. Тақырыбы: Жүзден жүйрік Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×