Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
М.О.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базаркүл
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы.

Тақырыбы: Жүзден жүйрік
Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі: кітап суреті, өнер-білім жайында қанатты сөздер, түрлі-түсті конверт.
Барысы: I.Сынау сұрақтары.
Бұл кезеңде барлық оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған сынау сұрақтарына жауап береді. 5ұпайдан жинаған оқушы екінші кезеңге өтеді.

1. Жаяу Мұса қай жерде туған?
2. Шоқан Уалихановтың әжесінің аты кім?
3. Қазақстанда қанша көл, өзен бар?
4. Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата?
5.Шоқанның шын аты кім?
Әділқазы алқасымен таныстыру.
II кезең төмендегідей бөлімнен тұрады.
1. Азаматтың ажары.
2. Поэзиялық минут.
Бұл бөлімнің шартына байланысты әр оқушы өздерінің сүйікті өлеңдерін оқиды

III.Көңіл ояу, көзі ашық.
Негізгі шарты: қызыл, сары, жасыл, ақ, көк түсті конверттің ішінде 5 түрлі тақырыпта мақал-мәтел берілген. 1минут ішінде тақырыпқа сай мақал-мәтел айтып шығу.
а) Өнер-білім туралы мақал-мәтел.
ә) Еңбек туралы.
б) Отан туралы.
в) Жақсы - жаман.
г) Достық туралы.
IV. Жақсы сөз –жарым ырыс.
(минут ішінде тиым сөз айту)

V. Жұлдызды сәт.
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?
2. Көкжиектің негізгі неше тұстары бар?
3. Басты байлық?
4. Адам денесінің тірегі?
5. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан?
6. Ұя салмайтын құс?
7. Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
8. Заттың қимылын білдіретін сөз табы?
9. Жыл басы қалай аталады?
10. Жер бетін қағазға кішірейтіп салынған бейнесі?
VI. Құлақтан кіріп бойды алар.

1-ші бастаушы:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй
деп Абай атамыз айтқандай Қаракөздің орындауында «Әнші балапан» әні.
2-ші бастаушы:Өнерпаздар шарықтаған, шалқыған,
Белгісіндей арайланып атқан таң.
Маликаның сәби үнін, шатты әнін,
Естігендер таңдай қағып, таң қалған.
Маликаның орындауында «Үш қоңыр» әні.

1-ші бастаушы:
Ал, қалайық , тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп
Інжу –маржан шашайық.
Бір топ оқушылардың орындауында «Киіз басу»биі.
2-ші бастаушы: Шалқытып бүгін біз бір әуен салайық,

Өнерпаздар, өрендерге тамсанайық.
Арнаумен бастап берсін бізге бүгін,
Күміс көмей әншіні , қарсы алайық.
Қаракөздің орындауында «Ұят болмасын»әнін қабыл алыңыздар.
1-ші бастаушы: «Жүзден жүйрік» атты сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Қорытынды: Әділ қазы алқасы сайыс мүшелерін марапаттайды.
4 703
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік сайысы
Жүзден жүйрік сайысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Сам орта мектебі" ММ, бастауыш сынып мұғалімі Қадірова Өрік
Мәнер керек сөзге де
Мәнер керек сөзге де
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Мұхтар аты – мақтаныш
Мұхтар аты – мақтаныш
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М.О.Әуезов атындағы №6жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У. 3 сынып Тақырыбы: «Мұхтар аты – мақтаныш»
Дина
Дина
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×