Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


История Ассамблеи народа Казахстана

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
БАЯНДАМА
«Жаңа, әрі теңдесі жоқ құрылым»
(Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына)

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік.
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.
Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа, әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне арналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н. А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті - кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.

Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.

Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа, этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі үлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, күрдтер сияқты, т. б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ - пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.
Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғызстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.
Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.

Базовыми принципами государственной национальной политики являются равные права для представителей всех национальных и конфессиональных групп и создание благоприятных условий для деятельности всех конфессий. Благодаря этому в Казахстане на протяжении более восемнадцати лет не произошло ни одного политического массового столкновения на этнической или религиозной почве.
Можно без преувеличения сказать, что первые законодательные акты независимого Казахстана создали правовую базу, в основе которой лежит гражданская и политическая общность всех граждан, обеспечивающая равенство прав и свобод всех, независимо от этнической или религиозной принадлежности. Опыт межэтнической политики, осуществляемой Казахстаном, получил высокие оценки со стороны мирового сообщества и вызвал интерес стран со схожим полиэтническим составом населения.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр
Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Зурбаева Майя Битановна
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, "Благодарное орта мектебі" КММ, география пәні мұғалімі Чаганова Асем Каримхановна
Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бозжигитова Ляззат Конакбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×