Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығына 550 жыл

30 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биыл 2015 жылы Қазақ хандығына 550 жыл болғандығын еске түсіре отырып, қазақтың атақты хандарымен, билерімен, батырларымен таныстырып ой қорытындылау. Саяхат сабағы болған соң, тапсырма алдын ала беріліп, оқушылар өз деңгейіне сәйкес дайындалады.
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығы жөнінде толық мағлұмат беріп, ой өрістерін, сана - сезімдерін топпен жұмыста арттыру.
Тәрбиелілігі: Келешек ұрпаққа, үгіт - насихат жасап, Отан сүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін өрістету.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биыл 2015 жылы Қазақ хандығына 550 жыл болғандығын еске түсіре отырып, қазақтың атақты хандарымен, билерімен, батырларымен таныстырып ой қорытындылау. Саяхат сабағы болған соң, тапсырма алдын ала беріліп, оқушылар өз деңгейіне сәйкес дайындалады.
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығы жөнінде толық мағлұмат беріп, ой өрістерін, сана - сезімдерін топпен жұмыста арттыру.
Тәрбиелілігі: Келешек ұрпаққа, үгіт - насихат жасап, Отан сүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін өрістету.
Түрі: жарыс сабақ
Көрнекі - құралдар: Интерактивті тақта, оқулық, карта, кеспе қағаздар, кубик - рубик.
Әдіс - тәсілдері: топпен жарыс, сұрақ – жауап, танымдық ойындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Түгендеу.
«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
Мұғалімнің сөзі: Оқушылар сіздер биыл 2015 жыл тарихи жыл екенін білесіздер. Олай болса, бүгінгі сабағымызды ашық деп жариялаймыз. Н. Ә. Назарбаев президентіміздің сөзімен бастағанын жөн көрдім.
«Өз тарихын білмеген адам, өзін де сыйламайды».
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Түстерді таңдау арқылы (қызыл, көк, сары).

Үй тапсырмасын сұрау:
Кубик лақтыру ойыны:
Әр топтан оқушылар шығып кубикті лақтырады. Шыққан сандар бойынша топтан шыққан оқушыларға екі - екі сұрақтан, кезекпен кезек қойылады. Дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
1 - сайыс. «Сен маған, мен саған». Сұрақ - жауап сайысы (5 - 6 мин).
1. Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер? Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Малайсары т. б.
2. Отырар қаласының әміршісі кім болды? Қайыр - хан.
3 Қабанбай батырдың шын есімі? Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл.
4 Суретте қандай батыр бейнеленген? Бөгенбай батыр
5 Қазақ хандығының негізін қаланғандар кімдер суретте бейнелеген?
6. Қазақтың ұлы билерін ата? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Оқушылар «Оқу - инемен құдық қазғандай» деп. Ендігі, жаңа сабағымызды Қазақ хандығының тереңірек зерттейміз. Ол үшін біз сіздермен интерактивті тақтаға назарларымызды аударамыз. Керей мен Жәнібек хандар туралы. Видео фильмнен үзінді.
Олай болса, Қазақ хандығының құрылу себептеріне тоқталайық (3 мин)
Біріншіден: Керей мен Жәнібек сұлтандардың
Қазақ хандығын құруға ұмтылуы
Екіншіден: Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі
Үшіншіден: Алым - салықтың көбеюі
Төртіншіден: Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы.

2 - сайыс. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Топтарға кеспе қағаздар үлестіріліп беріледі. Ол кеспе қағаздарға оқушылар қазақ хандығына үлес қосқан хандардың билік еткен жылдарын жазып, қорғау керек. Қай топ жауабы көп, жылдары дұрыс болса, сол топқа дұрыс жауаптарына әр бір жылға бір ұпайдан қосылады. Тапсырманы орындауға (5 мин).

Мұғалім сөзі: Картадан оқушыларға өмір сүрген тайпалар бойынша қосымша мәлімет айтылады (2 мин).

3 - сайыс. Кейіпкерлер сұрақ қояды (6 мин).
1. Мен қандай заңдар жинағын жаздым? «Қасым ханның - қасқа жолы».
2. Мен қазақ хандығында неше жыл бойы билік атқардым? (1771 - 1781) жж.
3. Мен қай жүздің биі болдым? Кіші жүз
4. Мен Шығай ханның орнына билікке нешінші жылы келдім? 1582 - 1598 жж.
5. Жасырын сұрақ: «Жеті Жарғы» жинағын мен жаздым, менің есімім? Тәуке хан
6. Жасырын сұрақ: Менің билік еткен кезімде. Ресей елімен қарым - қатынасым жақсара түсті Хақназар билігімді 1538 - 1580 жж. атқардым.

4 - сайыс. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез». Интерактивті тақтада сурет бейнеленген. Осы сурет бойынша топтар әңгіме дүкен құруы керек. Тапсырманы орындауға (5 мин). Баяндамашы ең жоғарғы - 10 ұпай.

5 - сайыс. Математикалық лото. Әрбір топтың жауаптары дұрыс болса, 1 ұпай беріледі (3 мин).
728х2+10=1466 жылы - Қазақ хандығының құрылған жылы
(1000+522)- 11=1511 Қасым хан билікке келді.
3800/2+91=1991 жылы - Қазақстанның тәуелсіздік алған жыл

6 - сайыс. Салыстыру. Әрбір топқа тапсырмалар беріледі (5 мин). Ең жоғары 5 ұпай
1. «Хандар» тобы - Керей мен Жәнібекті Н. Ә. Назарбаевпен салыстырады.
2. «Билер» тобы - Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады
3. «Батырлар» тобы - Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен
салыстырады.

Сабақты бекіту: 6 - 7 мин.
1. Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Оларды бәрін А) “тоқсан екі баулы қыпшақ”
2. Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын ата? С) Есенбұға
3. Қазақ хандығы қай хандықтың тұсында күшейді? С) Қасым
4. «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді? А) Бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар
5. Қазақ хандығының құрылған жылдары: 1465 - 1466жж
6. Алғаш алтын адам Қазақстан қандай жерінен табылған еді? Есік обасынан, жасы 17 - 18 адам.
Суретте берілгендердің атын атап ой қорыту (2 мин).
Астана қаласында орнатылған «Бәйтерек монументі» 1996 жылы 26 қазанда негізі қаланған.
Астана қаласында салынған Ханшатыр кешені 2006 - 2010 құрылыс жұмыстары жүргізіліп салынды.
«Тәуелсіздік сарайы»
Проект авторы Гюльтекин Линеа 2006 - 2007 жж. Желтоқсан айында құрылыс жұмыстары аяқталып салынды.

Үйге тапсырма: (1 мин)
1.«Қазақ хандығы - 550 жыл» ой толғау жазып келу.
2. Кескін картаға Қазақ хандығының жер аумағын, территориясын салып келу.
3. Қасым, Есім, Хақназар хандар туралы қосымша әдебиетті пайдаланып портреттік сипаттама беру.

Бағалау: Топпен сайыстар бойынша ұпай сандары есептеліп бағаланады
(2 мин)
18 - 20 ұпай «5»
13 - 16 ұпай «4»
10 - 12 ұпай «3»
3 750
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598) Конспект 1580 - 1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518) Конспект Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474 - 1511 жылдар. 1511 - 1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
Семей ішкі округінің құрылуы
Семей ішкі округінің құрылуы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің Тарих пәні мұғалімі Сулейменова Нұргүл Асқарқызы
«Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы» (Қазақ хандығына – 550 жыл)
«Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы» (Қазақ хандығына – 550 жыл)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы "Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×