Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлан тап! интеллектуалды ойыны

13 қазан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы,
№45 "Ақ Орда" мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

«Ойлан тап!» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ұштастыру, танымдық қызығушылығын арттыру
Білімділік – оқушыларды үш топқа бөле отырып, оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
Дамытушылық - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың шығармашылыққа ынталандыруын, ойлау, іздену қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды отан сүйгіштікке, шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайд, суреттер, Қазақстан картасы
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ойынның шартымен, сайыстың түрлерімен таныстыру
2. Әділ қазылар алқасымен, топ құрамымен таныстыру (7 сыныптар аралығы)

1 сайыс
Әр топ өз топ атауын, ұрандарын және эмблемаларын қорғайды. 3 мин (10 балл)
2 сайыс
«Терминология»
Тапсырма. Берілген терминдердің мағынасын жазу (5 балл)
1) Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі
2) Инал – Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.
3) Вакф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі
4) Орда – хандық биліктің орталығы
5) Руна – түркілердің көне жазуы
6) Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым
7) Ихта – феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі. Жер иеленудің бір түрі.
8) Сүзеген - Сұлу қағанға берген арабтардың атауы.
9) Селиф - салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ
10) «тат» - құл

3 сайыс
«Математикалық шкатулка»
Тапсырма. Есеп шығарып, сол датада қандай оқиға болғанын айту. 3 минут 10 балл
1) 5 х 100 х 3: 2 – 198 = 552 (Батыс түрік қанаты) (5 балл)
2) (20 х 5) + (60 х 3) + (120 х 5) – 10 = 870 (Әл Фараби) (5 балл)

1) 75 х 10 + 1 = 751 (Атлах шаиқасы) (5 балл)
2) (1000: 20 +160): 30 + 935 = 942 (Қарахан мемлекеті өмір сүрді) (5 балл)

1) (1250+1000) – (1700 - 75) + 131 = 756 (Түргеш қағанаты құлады) (5 балл)
2) (3000 - 2500) + (356 х 2) = 1212 (Қарахан мемлекеті құлауы) (5 балл)

4. сайыс
«Ғалымдар айтады»
Оқылған мәтінді тыңдап деректердің авторын табу. (10 балл)
1) Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтқан кім. (В. В. Бартольд).
2) Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. (Махмуд Қашғари).
3) Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым. (Ибн Хаукаль).
4) Қай ғалым Оғыздар мен қимақтар туралы «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп айтты. (Әл - Идриси).
5) «Оғызнаманы» XVII ғасырда толық жазып қалдырған қай хан: (Әбілғазы хан).
6) «Монғол жеріндегі ІХ - ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан... әсерінен әлсіреді» деп айтқан ғалым: (Рашид ад - Дин).

5 сайыс
«Шешендік» сайыс
Алдын ала берілген тақырып бойынша капитан командалары арасындағы ой толғау жарысы
«Тәуелсіздік – тұғырым», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Ұлы Жеңіске 70 жыл»

6 сайыс
Блиц - сұрақтар
І топтың сұрақтары
1. Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. (Түрік қағанаты).
2. «Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. (542 жыл).
3. Бумын қаған осы оқиғадан кейін ел - хан атағын алып Түрік қағаны болады. (Жужан қағанын жеңгеннен кейін).
4. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. (Мыңбұлақ).
5. Батыс Түрік қағанатының астанасы. (Суяб).
6. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс Түрік қағаны. (Тон Қаған).
7. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: (Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды).
8. Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны. (24).
9. Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. (Махмуд Қашқари).
10. Оғыздарда жабғудың мұрагерлері. (Инал).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 201
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Интеллектуалды ойын бастауыш сынып оқушыларына.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×