Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы,
Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан атындағы жалпы білім
беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Алмурзина Гульмира Жолдибаевна

Қазақстан тарихы 7 сынып
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын баяндау, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу, өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілік құралдар: оқулық, карта, сызба, интерактивті тақта, слайд,
карта, тірек схемалары, қазақ хандарының портреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
ІІІ. Қорытынды кезең
ІҮ. Ү й тапсырмасы

Ж о с п а р ы:
1. Ежелгі заманғы туыстық белгілер.
2. Орта ғасырлардағы этникалық өзгерістер.
3. Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.

І. Ежелгі заманғы туыстық белгілері
Халық болып қалыптасуды анықтап, зерттейтін археология, антропология, этнология, тіл білімі сияқты көптеген ғылым салалары құнды деректер береді. Ал тарих басқа ғылымдар берген деректерді пайдаланып, белгілі бір аумақта қандай халықтың өмір сүргендігін нақтылайды.

Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болған.
Сақтың мүсіндік портреті
Үйсіннің мүсіндік портреті
Сарматтың мүсіндік портреті

ІІ. Орта ғасырдағы этникалық өзгерістер
VІ - ІХғғ - Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастайды.

Маңғыт, барлас сияқты түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды.

Жаулап алуға байланысты жер мәселесі шиеленісе түседі.
Моңғолдар шұрайлы жерлерін тартып алған жергілікті халық басқа жаққа ауа көшеді.
Шыңғыс ұрпақтары өсіп, жаңа үлестік жер алғанда жергілікті ру - тайпалар да бөліске түсті.
Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150 - 200 жылға кешеуілдейді.

Этносаси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз.
Ақ Орданың тұрғындары – “өзбек”, “қазақ - өзбек”
Ноғай Ордасының тұрғындары – “маңғыт”, “ноғайлар”
Қазақ = үйсін+қыпшақ
Хандықтардың шекарасы тұрақты болмаған.

ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр - тұрпаты, шаруашылығы, әдет - ғұрпы, салт - санасы жақтарынан бір - біріне ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша, 92 тайпадан тұрған.

Өзбектерге басты үш халық жатады - шайбани, қазақтар, қарақалпақ пен ноғайлар аталған маңғыттар.
– деп тарихшы Исфаған Рузбихан жазған.

“ Т а р и х и м о з а й к а ”
Ұғымдар мен тарихи оқиғаларға анықтама беріңдер.

Этносаяси қауымдастық -
«Қазақ - өзбектер»-
Антропология -
«92 баулы өзбектер»-
Рузбихан -
монғолоидтық -

Үйге тапсырма
§31. Қазақстан аумағындағы этносаяси
қауымдастықтың қалыптасуы
Ежелгі және орта ғасырда Қазақстан жеріне қоныстанған тайпалардың атын дәптеріңе жазыңдар.
Қашан этноним пайда болды, дәптеріңе жазыңдар:
өзбек;
моғол;
ноғай;
маңғыт;
қазақ

Толық нұсқасын жүктеу
8 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы Конспект Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан жеңілуі оның беделін түсірді. Осы жеңілістен кейін хан өзің қолдамаған сұлтандарды қуғын - сүргінге ұшырата бастады. Бұл жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандарға да әсерін тигізді.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру.
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Жезқазған қаласы, №133 негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Қазақстандағы этносаяси үрдістер
Қазақстандағы этносаяси үрдістер
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×