Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ мәдениетінің орта ғасырлық мәдениеті

10 қараша 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ мәдениетінің орта ғасырлық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу;
2. Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу;
3. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, жинақтау
Пәнаралық байланыс: география
Сабақта қолданылатын көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері, интербелсенді тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, студенттер?
- Сәлеметсіз бе!
- Отырыңыздар.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын. Сонымен қатар үйге берілген сөзжұмбақтарын тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Студенттерге сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар:
1. Түркі халықтарының нанымдары мен сенімдері
2. Түркі халықтарының жазуы мен тілі
3. Орта ғасырдағы кәсіптің түрі
4. Ортағасырлық түркі ғалымдары мен жазушылары
Діни нанымдар.
VI – XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет – ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқала бастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттың төрт кезеңіне толық табынуды байқатады.
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:
- Көкке түркі тәңірісі,
- Тәңірі қуат берген соң,
- Тәңірі жарылқағандықтан.
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгі күнге дейін орыналып жүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды.
Тіл және жазу.
Түркі дәуірінде (VI – XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оята отырып, оқушыларды ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз
Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз
Қазақ халқының салт - дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
XIV – XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни - наным сенімдерімен, даму ерекшелігімен танысады. Сабақтың тақырыбын ашады, мазмұнын игеруге, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйренеді
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ халқының мәдениеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы № 241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×