Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар

07 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, капиталистік әлем мен социалистік әлем арасындағы басталған бақталастықтың негізінде пайда болған «қырғи қабақ» соғысы туралы түрлі дәйектермен түсіндіру.
Дамытушылық: БҰҰ құрылуы туралы, Потсдам конференциясы туралы видеофильмдер көрсету арқылы өз ойын айтуға; сабақты өздеріне игерту арқылы жылдамдық пен ойлау, қорытынды шығаруға үйрету.
Тәрбиелік: Соғыстың аяқталуы мен нәтижесін баяндау арқылы бейбітшілік өмірді бағалай білуге; бейбітшілікті ту еткен БҰҰ құрылуы туралы түсіндіру арқылы достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Африка елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму белгілері»
Мамандығымен байланыстыру. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз 40 - 50 жылдардағы халықаралық қатынастар. Осыған байланысты сенің Африкаға құрлығындағы елдерге қатысты қандай көмек, ұсыныс тастайсың.

ІІІ. Жаңа сабақ: «40 - 50 жж. халықаралық қатынастар».
Басында мұғалім 1 - 2 сөйлеммен жалпы мағлұмат береді.
Басты оқиғалар.
1. Ұлы Отан соғысының аяқталуы, Германияның капитуляциясы – 8 - 9 мамыр 1945 жыл.
2. БҰҰ құрылуы - 1945 жылы 26 маусымда
3. Потсдам конференциясы - 1945 жылдың 4 – шілдесі.
4. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Жапонияның капитуляциясы. 1945 жыл 2 қыркүйек.
5. «Қырғи қабақ»соғыс – 1946 жыл.
6. Маршал жоспары.
7. Кеңес - Финляндия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципінің нақты көрінісі – 1948 ж.
8. НАТО - ны құру туралы пактіге қол қойылды - 1949 жылы сәуір.
9. Көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті – 1948 - 1949 жж.
10. Бағдат пактісі құрылды – 1955 жыл.
Әрі қарай оқушыларға тақырып толық ашылып жазылған парақ үлестіріледі. Оушылар топқа бөлініп парақтан түсінгендерін ватманға түсіріп, әсемдеп қабырға газеті ретінде шығарады. (Осы кезде тақтада Қазақстанның БҰҰ - ғы қызметі туралы видеофильм жүреді.)
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы жаңаша сипат алды.
1945 жылы 26 маусымда БҰҰ - ның Жарғысын қабылдаумен әлемдегі ең беделді ұйым БҰҰ құрылды.
1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және Ұлыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы Потсдам конференциясы ашылды. Потсдам конференциясы Еуропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі.

40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар. жүктеу
5 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Оразалы батыр ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қазанатов Естай Тоқтыбайұлы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мұғалім Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
Дүние жүзінің саяси картасы
Дүние жүзінің саяси картасы
Семей қаласы, Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп география пәні мұғалімі Ожанова Құралай Болатқызы
Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шакирова Жанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×