Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық көтеріліс

09 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық көтеріліс.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесін, аса маңыздылығын, қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығының тарихи маңызын ашу.
Көрнекілігі, қажетті құрал - жабдықтар: В. Беспальконың деңгейлеп оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары, интербелсенді тақта, карта, презентация
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес. (В. Беспалько). Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технология - оқу, тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы», - дейді В. П. Беспалько. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Адам ой - әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс - әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.

Жаңа технологиялардың басты міндеті оқушының оқу - танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы технология.

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
б) оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ халқының ұлт - азаттық
қозғалыстары» (шеңбер бойымен сұрақ - жауап)
ІІІ. Жаңа сабаққа жол ашар
Кенесары – ұлт - азаттық қозғалыстың көсемі,
Кенесары – Шыңғыс, Абылай ұрпағы.
Кенесары – дара әскери қолбасшы,
Кенесары – қазақ ханы.
ІҮ. Видеоролик «Кенесары хан»
Ү. Беспальконың бірінші сатысы оқушы деңгейі: сұрақ - жауап
(оқулықпен жұмыс)

1 топ «Алғырлар» - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің себептері неде? Жауабы:
1. Патша үкіметі жерлерді жаппай тартып ала бастады;
2. Хан билігінің жойылуы наразылық туғызды;
3. Алым - салық түрлері көбейе түсті;
4. Патша үкіметінің әскери отрядтары шабуыл жасап күн көрсетпеді.
2 топ «Тапқырлар» - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің мақсаты неде?
Жауабы:
1. Жерлерді өздеріне қайтару;
2. Округтерді тарату;
3. Алым - салықтарды жою
3 топ «Ойшылдар» - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің қозғаушы күштері және ұлттық құрамы қандай болды?
Жауабы: 1. Старшындар, билер, сұлтандар;
2 Батырлар жетекшілік етті;
3. Қарапайым халық.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу - Аюлы мекені,
«Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп - гимназия» КММ
тарих пәні мұғалімі Абильдина Майра Бляловна

Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылдардағы ұлт - азаттық көтеріліс. жүктеу
1 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Шолпан Унгарбаева Ботайқызы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ - нің тарих пәнінің мұғалімі Нурманова Жапырак
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×