Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

08 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Конспект
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару - жарақтың көп табылуы дәлел болады.
Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.
Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылығында көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алған.
Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.
Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік - батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.
Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.
Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.
Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.
Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба, көнек, местерді жасаған.

Конспект сұрақтар
1. Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп:
2. Сарматтардың негізгі шаруашылығы:
3. Сарматтарда қазанаттарды кім иеленген:
4. Сарматтардың Бесоба қорымында жерленген:
5. Сарматтарда әскери демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешті:
6. Үш савромат жауынгері жерленген қорым:
7. Аралтөбе ескерткіші табылған жер:
8. Сарматтардың ыдыстары жасалынды:
9. Сармат əйелдеріне берілген құқық:
10. Аралтөбе ескерткіші қайда орналасқан:
11. Қандай заттарды сарматтар өздері жасамай, шығыс елдерінен алғызған:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндар - көшпелі патриархалды ел. Оларды ақсақалдар кеңесі басқарған. Елді шанью биледі. Тақты атадан балаға қалдырып отырған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды. Жыл мезгілдерін, жайылым түрлерін айта алады. Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді атайды.
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы. Мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті Қазақстан жеріндегі ескерткіштері туралы мәлімет беру.
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×