Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хандығы

13 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Абылай хандығы
Конспект
Абылай хан (Əбілмансұр, Сабалақ) 1711 - 1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси - экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Абылай қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян батырлардың күшін біріктіре білді.
1740 жылы тамызда Абылай хан және Орта жүз ханы Әбілмәмбет, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, Ресей мемлекетіне ант берді. Сонымен қатар, қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цинь империясымен де қарым қатынасты үзбеді. Ол Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырып отырды.
1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі – Əмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Әмірсананың қазақ жерін паналауын Маньчжур - Цин әулеті шабуыл жасау үшін пайдаланды. 1757 жылы маусымда қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған əскер Қазақ шекарасына басып кірді. 1757 - 1760 жылдары Қазақ елінің дербестігін, жерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытай билігін мойындады. 18 ғасырдың 20 - 30 жылдары жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жайылымдар дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Жоңғария жойылғаннан кейін, оның жерін басып алған Маньчжур - Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.
Абылай Орта Азия хандықтарымен байланысын дамытуға көңіл бөлді. 1771 жылы үш жүз өкілдері Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп таныды. Оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей мен Қытайдың қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындады. 1778 жылы 24 мамырда II Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым - қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тəуелсіздігін сақтады.
Хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай хан мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Билердің қызметіне шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, жоспарларын қиындықсыз іске асырып отырды. Абылай хан қазақтардың Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылай хан төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Үмбетей жырау, Тəтіқара ақын, Бұқар жырау. 1781 жылы Абылай хан дүние салды. 1781 жылы Абылайдың бас мирасқоры Уəли хан болып сайланды. Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды. Қазақ хандығының бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады.
Конспект сұрақтар
1. Абылайдың бас мирасқоры кім?
2. Абылай хан төңірегіне топтасқан ақын - жыраулар:
3. Абылай хан қай өңірде егін шаруашылығын дамытуды қолдады?
4. Абылай хан ел басқаруда кімге арқа сүйеді?
5. Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіткен билеуші:
6. Абылай қай жылы хан болып сайланды?
7. 18 ғасырдың 70 жылдары Абылай кімге шабуыл жасады?
8. Тарбағатай маңайында көшіп жүрген қазақтарды кімдер қудалады?
9. Абылай Қытай билігін қай жылдары мойындады?
10. Қытай шабуылына қарсы Кіші жүзден жасағымен келген сұлтан:
11. Абылай сұлтанның мақсаты:
12. Абылайды паналап, Орта жүзге қашқан жоңғар билеушісінің мұрагері:
13. Абылай жоңғар тұтқынына қай жылы түсті?
14. Абылай ханның өмір сүрген жылдары:
15. Қай жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей мемлекетіне ант берді?
16. Қай көрші елмен Абылай хан өзара қарым - қатынасында тату - тәтті саясат ұстануға тырысты?
Тақырыптың тесті

Абылай хандығы. жүктеу
8 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында Конспект Әбілқайырдың мұрагері Нұралының иелігіне шек қойылды. Әбілқайыр ханның басты тірегі болған шекті руы Батыр сұлтанды хан деп таныды. Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады.
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылай мен батыр Қабанбаймен таныстыру, ерліктерін насихаттау.
Абылай хан
Абылай хан
Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр, ол 1711 жылы дүниеге келген. Абылай хан Шыңғысханның ұлы Жошыдан тараған.
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×