Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Латын әліпбиіне өту – заман талабы

09 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:
- Мақаланың түйінді ойлары мен негізгі идеясын насихаттайды;
- Бір біріне мақаланы түсіндіру жұмыстарын жасайды
Құндылықтарға баулу: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиеті
Алдыңғы білім: Қазақстан тарихы 6, 8 - 9 сыныпқа арналған оқулықтары

Сабақтың басы:
Психологиялық ахуал орнату: «Сиқырлы заттар дүкені» әдісі – оқушылар бір затты таңдайды сол затты таңдауына қарай оның мінез - құлқы, өмірлік ұстанымы анықталады.

Топқа біріктіру: «Мозайка» әдісі – параққа екі түрлі түспен білім туралы мақал жазылып қиылады, оқушылар қиылған парақшаларды әріптердің түстеріне қарап жинақтайды.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді

1. Зерттеушілер
2. Сараптаушылар

Т. Ж. «Миға шабуыл» стратегиясы: «Суреттер сыр шертеді» әдісі
Суреттер беріледі, оқушылар соған қарап оқиғаларды өз реттілігімен айтып береді.

Кілтті сөздер мен тіркестері: Көне түркі жазулары, Араб әліпбиі, А. Байтұрсынов, кириллица, латын әліпбиі, КСРО, Тәуелсіз Қазақстан, Елбасы Жолдаулары

Кері байланыс: «Социаграмма» әдісі арқылы жаңа тақырып туралы алдыңғы білімін өзін өзі бағалау
Оқушылар он сандық шкалада көрсетілген шәкілдердің тұсына тақырыпты қаншалықты білетіні тұсына стикер жапсырады

Оқушыларға бейнебаян көрсету арқылы қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуының маңыздылығын түсіндіру ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сабақ тақырыбына сай үзінділерінің мәтінін оқыту.

Сабақтың ортасы
ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру
Б. Т. 1 - тапсырма «Пирамидалық жіктелім» әдісі
1 - топтағы оқушылар тақырыпты ғаламтордан таба отырып зерттеу жұмыстарын жасайды
2 - топ: ғаламтор арқылы мәтінді тауып, сараптама жұмысын орындайды

Шымкен қаласы
№86 жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Байгазиева Алия Алипбековна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: Қазақстан тарих пәні
Латын әліпбиіне өту – заман талабы жүктеу
Латын әліпбиіне өту – заман талабы слайд жүктеу
1 954
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Латын әліпбиіне көшу - еліміздің рухани өмірдегі қадамы
Латын әліпбиіне көшу - еліміздің рухани өмірдегі қадамы
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу.
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Н. Назарбаевтың жарлығы шықты. Мына жерден Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына онлайн түрінде ауыстыра аласыз. Егер де онлайн ауыстыру дұрыс жүргізілмей жатса, онда
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы туралы
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы туралы
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі - сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы туралы
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы туралы
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×