Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаялық қаласы тарихы

24 ақпан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих

Көне тарихи деректерге қарағанда, 552 жылдарда құрылған Түрік қағандығының ыдырауына байланысты Батыс Түрік қағандығына бағынған Жетісудағы тайпалар 689 жылдары шамасында түрік қағандығының әлсіреуіне сәйкес Алтай тауын мекен еткен Қарлұқ тайпалары күшейіп, қарлұқ қағандығындықтың құрылғанын білуге болады. «Қазақстан тарихының хранологиялық деректеріне сүйенсек, Қарлұқ мемлекеті 756 - 940 жылдар аралығында өмір сүрген, мұнан соң ыдыраған Қарлұқ мемлекеті кейіннен Қарахан мемлекетінің құрамына кірді.
Қарлұқтардың аздаған бөлігі Жетісудың солтүстік бөлігіне ығысып, Қойлық (Қаялық) қаласында шағын хандық құрды. Қарлұқ қағандығы Жоңғар Алатауының солтүстігі, Алакөл, Балқаш көлдерінің аралығы мен Сырдарияның орта ағысына дейінгі аумақта мекендеген, Қарлұқ қағандығында феодалдық қатынастар ерекше зор күшпен дамыды. Мал шаруашылығы, егіншілік пен қала мәдениеті де өркендеді.
Адамзат қоғамының дамуына баспалдақ болған Азия мен Еуропаны жалғастыратын Ұлы Жібек жолы өтетін тау бөктерлері мен өзен аңғарларының құнарлы алқаптарында Қойлық (Қиялық) қатар аз уақыт ішінде моншақтай тізіліп Алмалық, Сағайбүйен, Таяхир (Талғар), Есік, Құлан, Меркі, Тараз, Сайрам, Отырар қалалары бой көтерді. Бұл қалаларды түргештер сияқты қарлұқтар өзінің атын жазып, металл ақша шығарды. Қарлұқ қағандығының астанасы алғашында Іле өзенің бойында болып, кейінен қағандықтың әлсіреуіне байланысты Х ғасырда қазіргі Қойлық ауылының орындағы ежелгі Қойлық (Қиялық) қаласына ауыстырылды. ХІІІ - ХҮІ ғасырларда Қойлық қаласы мәдениеті дамыған гүлденген сауда орталығы болғаны жөнінде баға жетпес құнды мағлұматтар табылып отыр.
1986 жылдары бұрынғы Ленин атындағы колхоздың құрылысшылары Лепсі мен Ащыбұлақ аралығындағы тау бөктерінен құрылысқа сары топырақ алу кезінде Лепсіден Қойлық қаласына дейін тартылған, қыштан күйдіріліп жасалған су құбырларын тапқан. Ауылдық кеңес төрағасының өтінішімен облыстық, республикалық тарихи - мәдени ескерткіштерді қорғау мекемелеріне хабарланып, құбырлар қайта жабылған.
Қала шекарасын анықтау мақсатында Қорған төбелерді аралап жүріп, ауылдың солтүстік батысында 1 - 2 шақырым жерде ең биік «Бастөбе» қорғанының маңынан су құбырының қаңсып қалған сынығы табылды. Құбырдың көлденең қимасы 15 - 18 сантиметр.
Бір көңіл аударарлық жәйты Қойлық құбырларының материалдары негізінен Тараз Отырар қалаларынан табылған материалдарымен ұқсастығы еді. Мұнын өзі сол кезде қала халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге зор мән берілгенін көрсетеді.
Ежелгі қала орнында салынған қазіргі тұрғын үйлердің бірінің иесі Сәмет Наушабаевтың айтуына қарағанда, көктемде қар еріген кезде, жер астынан біраз уақыт бұрқырап су шығып жататын көрінеді. Сонымен қатар ауылға келетін бас арықтың суы тоқтағанда құм қайнар арасынан қыш - құмыра, су құбырларының сынықтарының кездесетінін айтты. Зерттеушілердің ойынша, жер астынан бұрқыра шыққан сулар жер асты құбырларынан келіп жатыр деген болжам негіз болмақшы. Осы құбырлар арқылы Лепсі өзенінен келетін су халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, салтанатты керуен сарайларының жолындағы гүлзарларды, егістік алқаптарын суаруға, кірпіш, қыш құмыра күйдіретін қол өнер шеберханаларын сумен жабдықтауға қызмет еткені даусыз. Жергілікті халық Қызылөбе деп атап кеткен Ащыбұлақ бойымен қазіргі ауылдың шығыс шетіндегі үйінді төбелер әлі күнге дейін сақталған.
1970 жылдары Қойлық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын қазу барысында бұзылмаған қол өнер шеберханасының пеші табылған, Жамбыл көшесінің 24 - үйінің иесі Ысқақұлы Берлібек ақсақалдың айтуына қарағанда, пеш ішінен шыққан күйдірілген қыш құмыралар қалдықтары Мағжан Жұмабаев атындағы тарихи - өлкетану мұражайына өткізілген екен, Ежелгі шеберхана орындағы кірпіштерге зер салып қарағанда адам оның көлемінің әр түрлі екендігін байқайды.
Осы кезде жиһангез ғалым Шоқан Уалихановтың 1856 - 1858 жылдары Ыстық көлге жасаған саяхаты кезіндегі қазақ даласындағы мазарлармен мен ежелгі қалалар кірпіштерінің орыс кірпішінен айырмашылығын кірпіштің көлемімен пішінінің әр түрлі болатынын айтқаны еске түседі. Біз тауып көрген кірпіштердің ұлы ғалымның пікірімен сай келуі Шоқанның Қойлық қаласының орынында болып зерттеулер жүргізгенін дәлелдейді.
Ауыл тұрғындары ежелгі қала орынынан құрылыс жүргізу барысында сыйымдылығы әр түрлі қыш құмыраларды Қойлықтағы мұражайға өткізгені, сол құмыралардың пішіні ұлан-ғайыр қазақ даласындағы басқа да ежелгі қоныстардан табылған құмыралармен сәйкес бұл Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар арасында сауда – экономикалық байланыспен қатар, мәдениеттің, салт – дәстүрдің, тұрмыс – тіршіліктің қалыптасқандығын көрсетеді.

2 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар) Конспект Араб тарихшысы әл - Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады.
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Батыс түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері жайлы толық мағлұмат алады. Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×